Елбасын өзіне тартты: Назарбаев пен Трамптың қол алысқаны желі қолданушыларын қызықтырып қойды
АҚШ президенті Дональд Трамптың өзге ел президенттерімен қол алысып амандасуы ел аузында жиі әңгіме болады. Бұл жолы көпшілік Назарбаев пен Трамптың қол алысулары қалай болар екен деп күтті.
АҚШ президенті әдетте өзге ел басшыларын қолынан тартып амандасады. Тосын әрекетті күтпеген көшбасшылар мұндайда сасқалақтап қалып жатқан кездері болған.
Желі қолданушыларының айтуынша, Қазақстан президентімен кездескен Трамп әдетіне басып Назарбаевтың қолын өзіне тартқандай болған. Бірақ елбасы өз орнынан тайқыған жоқ.
Екі ел басшысы бірнеше рет қол алысты. Алайда әр ісіне сақ қараған елбасы Трамптың қулығын асырған жоқ.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен барды. Қазақстан Президенті Вашингтон қаласына келді. Ресми сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми және іскер топтар өкілдерімен кездесті.
Тағы да оқыңыз:
Назарбаев Трампқа: Сіз таңғаларлық салық реформасын жасадыңыз, оны 5 жыл бұрын жүзеге асырғанмын
Қазақ журналисі: Трамптың аксессуарымен тең тұру үшін елбасы 80 мың доллардың сағатын тақты-ау
Елбасының АҚШ-қа ресми сапары аясында құны 7 млрд доллардан асатын 20 келісім бекіді