Елбасы қостанайлық дәрігерді туған күніне пәтер сыйлап қуантты
Елбасы Қостанай қалалық ауруханасының қызметкері Айгүл Сусымбаеваға өзінің туған күнінде пәтер сыйлады.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Биыл Айгүл Сусымбаева елбасына хат жазып, туған күнімен құттытаған болатын. Жазған хатында “Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасының халық үшін тиімді тұстарын атап өтіп, алғыс білдірген екен. “Мен бұл хатымның Елбасына жететініне сенбей жүрдім. Дегенмен, жақында ҚР Президенті кеңсесінің бастығы хабарласып, хатқа жауап қатты. Басшы мырза менің хатымды алғанын және арманым туралы сұрады. Әрине, ол – “Нұрлы жер” бағдарламасы арқылы пәтер алу”, – деп қуанышымен бөлісті қала тұрғыны.
Араға бірнеше ай салып Айгүл Сусымбаева өзінің туған күнінде армандаған пәтер кілтіне ие болды. Пәтер кілтін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов табыстады. “Иә, бұл – Елбасының арқасы. Ол кісі менің туған күнімде маған пәтер сыйлады. Мен үшін күтпеген сыйлық болды. Әркім армандаса, соған қол жеткізеді. Қазір жұмыс істеймін деген адамға мемлекет бар жағдайды жасап отыр. Сол себепті, тынбай еңбек ету керек”, – дейді Айгүл Сусымбаева.
Жіберіп алмаңыз:
Депутат параның арқасында көлік мініп, зәулім үй салып алғандарды сынады
“Қытайлықтар жерді басып алды” деп жала жапқан Астана тұрғыны сотталды
Талдықорғандық дуагер әкімдік қызметкерлерін өзара ұрыстыра жаздады
Қырғызстандық балалар Атамбаев пен Назарбаевтан татуласуларын өтінді