Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы: Көңіл толқытарлық сәтке таяп қалдық

Мемлекет басшысының төрағалығымен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу мәселелері жөнінде кеңес өтті.

2445318

Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі жағдайдың тұрақсыз екенін ескере отырып, көрмені өткізу кезінде қонақтар мен ел азаматтарының қауіпсіздігін Астанада ғана емес, барлық өңірімізде де жоғары деңгейде қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Басқосуда “ЭКСПО-2017” халықаралық көрмесін өткізудің жалпы тәртібі және оны өткізу кезінде елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.  Мемлекет басшысы алдағы іс-шараны дайындау және оны сапалы өткізу үшін ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті.

“Біз көңіл толқытарлық сәтке – көрменің ашылуына таяп қалдық. Қазақстанның астанасына келетін қонақтар саны көп болады. Бүгінде “ЭКСПО-2017″ көрмесіне 1,2 миллион билет сатылған екен. Бұл – біз күткендегіден әлдеқайда көп”, – деді мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі жағдайдың тұрақсыз екенін ескере отырып, көрмені өткізу кезінде қонақтар мен ел азаматтарының қауіпсіздігін Астанада ғана емес, барлық өңірімізде де жоғары деңгейде қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті. Бұл үшін әр басшыға жеке жауапкершілік жүктеледі.

Мемлекет басшысы кеңес қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берді.  Кеңеске Президент әкімшілігінің басшысы Жақсыбеков, президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Жұмақанов, Бас прокурор Асанов, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы Күреңбеков, Қорғаныс министрі Жасұзақов, Ішкі істер министрі Қасымов, “Сырбар” сыртқы барлау қызметінің директоры Байжанов, Астана қаласының әкімі Исекешев, “Астана ЭКСПО-2017″ҰК” АҚ басқарма төрағасы Есімов, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Әбіш қатысты.

Тағы да оқыңыздар:

Қазақстанда ең көп табысты кімдер табатыны анықталды

Қазақстандықтар Астана күніне қанша күн демалады

2018 жылдан бастап жәрдемақы кімге беріледі және қаншаға өседі?

Талқылау