Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы: Ең төменгі күнкөріс шегі елдің тұтынушылық шығыстарына сәйкес келуі тиіс

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын өзінің жаңа Жолдауында ең төменгі күнкөріс шегін қайта қарауды тапсырды.

photo_15490

Бұдан бөлек, елбасы ең төменгі күнкөрістің қазақстандықтардың нақты тұтынушылық шығыстарына сәйкес келуі керектігін баса айтты.

«Менің тапсырмам бойынша 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 2,1 миллион зейнеткер үшін зейнетақы 2016 жылғы деңгейден 20%-ға дейін арттырылады. Бұдан бөлек, базалық зейнетақы тағайындау 2018 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа әдістеме бойынша жүзеге асырылады. Оның көлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты белгіленеді. Осы өсімнің барлығы 2018 жылы базалық зейнетақының жаңа мөлшерін 2017 жылмен салыстырғанда 1,8 есе арттыруға мүмкіндік береді», – деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Елбасымыз өз сөзінде елімізде жыл сайын 400 мыңға жуық бала дүниеге келетінін, бұл – 1999 жылғы деңгейден 2 есе дерлік жоғары және мұндай жақсы үрдісті алдағы уақытта да сақтау керектігін айтып өтті.

«Менің тапсырмам бойынша 2017 жылғы 1 шілдеден бастап бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақы көлемі 20%-ға өсіріледі. Ең төменгі күнкөріс шегін де қайта қарастыру керек. Ол қазақстандықтардың нақты тұтынушылық шығыстарына сәйкес келуге тиіс. Бұл қадам 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы, мүгедектерге және асыраушысынан айрылған отбасыларға арналған жәрдемақы, мүгедек бала тәрбиелеп отырғандарға берілетін атаулы көмек пен жәрдемақы көлемін 3 миллион адам үшін өсіруге мүмкіндік береді», – деді Н.Назарбаев.

Жолдауда жүктелген тапсырмаға сәйкес, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету шегі ең төменгі күнкөріс шегінің 40%-ынан 50%-ға дейін арттырылып, оның жаңа форматы енгізілетін болады. Бұл ретте жұмыс істеуге қабілетті адамның бәрі тек жұмыспен қамту бағдарламасына қатысу шарты арқылы ғана қолдауға ие болуға тиіс.

Жіберіп алмаңыз:

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды

Орталық Қазақстан академиясы ректорының үйінен 1,2 млн доллар ұрлап кеткен

Сүйіктісін 5 жыл бойы күткен қазақ жігітінің әрекеті жұртты сүйсіндірді

БҚО әкімі құны 56 млн теңге тұратын көлік алды (фото)

Талқылау