Елбасы Астананың көрнекті жерлерін аралап, халықпен тілдесті (фото)
Мемлекет басшысы елордамыздың символына айналған, қайта жөндеуден өткен “Бәйтерек” монументінде болды.
Елбасы Астана қаласының көрнекті орындарын аралады, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
Күрделі жөндеуден соң ғимараттың ішкі кейпі өзгерген. Атап айтқанда, монументтің күмбезі мен бағанасына жылуды сақтауға әрі оған жұмсалатын шығынды азайтуға мүмкіндік беретін энергия үнемдегіш жаңа шыныпакеттер орнатылған. Монументтің холына үлкен LED-экран қойылды.
Сондай-ақ, Қазақстан президенті “Нұржол” бульварында ашық аспан астында өтіп жатқан жыл сайынғы халықаралық ASTANA ART FEST мәдени фестиваліндегі экспозициялармен танысты.
Фестивальда Қазақстан, Ресей, Франция, Украина, Испания, АҚШ, Германия, Армения, Жапония және Өзбекстан елдерінен келген 60-тан астам автордың туындылары көпшілік назарына ұсынылады.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Кенесары ханға арналған ескерткіштің жанында орналасқан “Арбат” жаяу жүргінші жолымен жүріп өтті. Онда мемлекет басшысы Қазақстан қолөнершілерінің теріден, киізден, саз балшықтан және ағаштан жасалған экслюзивті бұйымдарын көріп, көше музыканттарының өнерін тамашалады.
Осы жерде елордадағы “Сарыарқа” ауданының әкімі мемлекет басшысын аудан инфрақұрылымын одан әрі дамыту жоспарымен таныстырды.
Қазақстан президенті елорда тұрғындарымен және қонақтарымен әңгімелесті, сондай-ақ барша жұртты келе жатқан Астана күнімен құттықтап, оларға зор денсаулық пен бақ-береке тіледі.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Есіл өзенінің жағасында лазерлік шоуды тамашалады.
Тағы да оқыңыз:
Алматы маңында «Алтын алқа» иегері сегіз баласымен далада түнеп жүр (фото)
Тұрғындар 7 жасар баланы зорлап жатқан педофилді өлтіріп қоя жаздады (видео)
Қырымбек Көшербаев «Қазақстан барысы» жеңімпазына пәтер сыйлады