Елбасы 9 маусымды ұлттық аза тұту күні деп жариялады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе қаласында жасалған террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту жариялау туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сурет bnews.kz сайтынан алынды
«Террористік актінің салдарынан адамдардың құрбан болуына байланысты Қазақстан Республикасында ұлттық аза тұту жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі
Ақтөбе қаласында жасалған террористік актінің салдарынан әскери қызметшілер мен азаматтардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2016 жылғы 9 маусымда ұлттық аза тұту жариялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2016 жылғы 8 маусым
№95
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"