Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасы өзін сынға алған оппозиционерлерге жауап берді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев оның елдегі тұрақтылық туралы айтқан сөздерін сынайтындарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Осы жылдар ішінде мен халықтың береке-бірлігін, қауіпсіздігін, тұрақтылық пен тыныштығын бірінші орынға қойдым. Мен кейбір оппозициялық пікірдегі адамдардың "Ол үнемі тұрақтылық, тұрақтылық, тұрақтылық дей береді", - деген сөздерін естідім. Тұрақсыздықтың несі жақсы? Революциядан революцияға, соғыстан соғысқа деп жүретін болса, ел дамымайды", - дейді Назарбаев.



Елбасы азаматтардың тұрақтылығы, тыныштығы өте маңызды екенін айтты. 

"Мен біздің еліміз бейбітшіліктің ортасы болғанын қалаймын. Соғыс трагедиялары, қанды ұлтаралық, діни қақтығыстар ешқашан азаматтардың өмірін қиындатпауы керек. Басқа елдердегі сияқты азаматтарымыз бен балаларымыздың қырылып қалғанын қаламаймын. Бұл менің арманыңымның орындалғаны деп білемін", - дейді Назарбаев. 

Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 29-сессиясы өтіп жатыр. 

Сессияға барлық облыстардан Ассамблея мүшелері, республикалық және аймақтық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің басшылары, ҮЕҰ өкілдері, ғылыми, шығармашылық зиялы қауым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуда.

Еске салсақ, Елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2025 жылға қарай Қазақстан халқының саны 20 миллионнан асады деп болжады.


Назарбаев: Қазақ тілін үйренгісі келетіндерді қолдау қажет

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр