Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: 2025 жылға қарай Қазақстанда адам саны 20 миллионнан асады

Елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2025 жылға қарай Қазақстан халқының саны 20 миллионнан асады деп болжады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ол тәуелсіздік жылдарында ел халқының саны 2,5 миллионға артқанын атап өтті. Бүгінде Қазақстан халқының саны 19 миллионға жуықтады, деп жалғастырды ол.

"Мен 2025 жылға қарай 20 миллионға жетеміз деп міндет қойған едім. Менің ойымша, біз бұл көрсеткіштен асып түсеміз", - деді Назарбаев.

Сонымен қатар Елбасы тәуелсіздіктің 30 жылдығымен барша қазақстандықтарды құттықтады. 

"Биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтетін жыл болып отыр. 1991 жылы еліміздің халқы үшін жаңа дәуірдің басы болды. Бұл – бостандық, ата-бабамыздың тарихи мекенінде еркін өмір сүру, жаңа мемлекет құру, оның тағдыры үшін жауапкершілік алу уақыты болды. Соның барлығын өзіміз басымыздан кешіріп, көзімізбен көрдік. Енді міне, биыл сол 30 жылдықты атап өтеміз. 30 жыл бұрын көпұлтты, көпконфессиялы халқымыз еліміздегі бірлікке, бейбітшілік пен келісімге қарай жылжу үшін тағы бір іргелі таңдау жасады", - дейді Назарбаев. 

Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 29-сессиясы өтіп жатыр. 

Сессияға барлық облыстардан Ассамблея мүшелері, республикалық және аймақтық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің басшылары, ҮЕҰ өкілдері, ғылыми, шығармашылық зиялы қауым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуда.

Талқылау