Ел қоржыны Универсиада ойындарының тағы бір қоласымен толықты
Қазақстандық шаңғышы Анна Шевченко Универсиада-2017 ойындарында екінші медальға қол жеткізді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Ол бес шақырымға созылатын қуғындау жарысында үшінші орынды ұтты. Бұл бәсекеде бірінші орын ресейлік Анна Нечаевскаяға, ал күміс медаль тағы бір ресейлік спортшы Лилия Васильеваға бұйырды.
Есте болса, Анна Қазақстан қоржынына Универсиаданың алғашқы медалін салған болатын.
Одан бөлек, фристайл-акробатикадан Жібек Арапбаева күміс, ал Жанбота Алдабергенова қола медальді олжалаған еді.
Жіберіп алмаңыз:
Универсиада: Қазақстандық хоккейшілер Қытай құрамасынан жеңіліп қалды
Универсиаданың ашылуына қанша қаржы жұмсалғаны белгілі болды
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген