"Ел алдындағы адамдарға не айтылмай жатыр?!": Жанқош Тұраровтың блогер әйелі мәлімдеме жасады
Әлеуметтік желіде боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінгені туралы ақпаратты әйелі де растамады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айта кетейік, 19 тамызда сағат 23.00 шамасында Әуезов ауданына қарасты 5-шағынауданда зорлық болды деген хабар келіп түсті. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері әйелдің Жанқош Тұраров зорлады деген арызын қабылдаған.
“Хабарласқанда телефон алуға шамасы келмей, уақыт таппай жүрген "құрбы-таныстың" бәрі түннен бері хабарласып, жағдайымды сұрады ғой. Бәрі дұрыс, уайымдамаңыздар. Жан-жақтан хабарласып жатыр. Ел алдында жүрген адамдар туралы не айтылмай жатыр?", – дейді Клара Иса.
Еске салайық, бұған дейін Жанқош Тұраров қыз зорлады деген айыпқа жауап бергенін жазған едік.
“3 қыз өсіріп отырған әкемін. Төсектес қыз керек болса, маған зорламай-ақ келетін жағдайы бар. Қайдан шыққан жала екенін түсінбей отырмын, қазір мәселенің мән-жайын анықтап, кім қандай жала жауып отырғанын анықтайтын боламын”, – деген еді боксшы.
Фото: https://www.instagram.com/klarita_os/
Одан кейін Жанқош Тұраров әлемнің ең үздік 10 боксшысының қатарына кіргені жазған едік.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды