Эквадорда ұшақ жеңіл көліктің үстіне құлап, аты аңызға айналған ұшқыш Диана Руис қаза тапты (видео)
Эквадордың Санта-Елена қаласында ұшақ жолда кетіп бара жатқан көліктің үстіне құлап, аты аңызға айналған ұшқыш Диана Руис қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі El Comercio басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: EcuavisaInforma
Апат салдарынан экипаждың екі мүшесі қаза тапты. Ұшқыш – эквадорлық аңызға айналған Диана Руиз, ол дыбыстан жылдам ұшатын алғашқы әйел ретінде тарихқа енген.
"Шамамен сағат 16:42-де Санта-Елена қаласындағы Солорзано даңғылында DA 20C1 FAE-1064 жеңіл жаттықтырушы ұшағы Ла Либертад кантонында оқу-жаттығу рейсін орындау кезінде апатқа ұшырады” – делінген хабарламада.
Видеодан ұшақтың мотоцикл мен жеңіл көліктің үстіне құлап түскенін байқауға болады. Апат салдарынан экипаж мүшелері – капитан Диана Руиз және курсант Андрес Рамирес қаза тапты.
Ал жеңіл көлік пен мотоцикл жолаушылары ауыр жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Басылымның мәліметінше, ұшақ Косме Ренелла Барбатто (ESMA) атындағы жоғары әскери авиация мектебіне тиесілі болған. Оқиғаның себебі әлі белгісіз. Бірақ ол механикалық ақаудан болған деген болжам бар. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.
Диана Руис Эквадордағы дыбыстан жылдам ұшатын ұшақты басқарған алғашқы әйел болып тарихқа енді. Ол 22 жасында ол әлемдегі ең жылдам ұшақтардың бірі – Cheetah-ты басқарған.
Айта кетейік, бұған дейін Түркияның Анталия қаласындағы әуежайда ресейлік Azimut Sukhoi Superjet 100 (SSJ-100) әуе компаниясының ұшағы қону кезінде өртеніп кеткені туралы жазған едік.