Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

144 миллиард теңге жымқырды деп сотталған экс-банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шықты

forbes.kz Жомарт ЕртаевФото: forbes.kz

Бұрынғы банкир Жомарт Ертаев бостандыққа шыққаны туралы ақпаратты Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сотталған азамат амнистия актісі негізінде босатылған.

"Сотталғандарға қатысты істерді қарау және шешім қабылдау соттың құзыретіне жатады. Алдағы уақытта бақылау және қадағалау мақсатында сотталған азамат пробация қызметінің есебіне қойылды", – делінген хабарламада.

2020 жылдың қарашасында Жомарт Ертаев Bank RBK-тегі 2011 жылдан 2017 жылға дейінгі аралықта қызметтік өкілетін пайдалана отырып және өзге адамдармен алдын ала сөз байласу арқылы 144 миллиард теңгені жымқыруды ұйымдастырды деп танылды.

Сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған қаражат пен өзге де мүлікті ірі көлемде заңдастырғаны үшін айыпталып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Кейін апелляциялық алқа бұл мерзімді тоғыз жылға дейін қысқартты.

2021 жылдың наурызында сот Bank RBK, Еуразиялық банк және Qazaq Banki-ден қаражат жымқыру ісі бойынша Жомарт Ертаев пен астық олигархы Нұрлан Тлеубаевқа қатысты үкім шығарды. Ертаев өзгенің мүлкін алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы аса ірі көлемде жымқырғаны үшін кінәлі деп танылып, орташа қауіпсіздік мекемесінде тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды.


Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сотталған Бишімбаевтың інісі амнистияға ілікті


Вайнер Мейірхан Шерниязов бостандыққа шықты (видео)


Еске салайық, бұған дейін экс-банкир Жомарт Ертаев 2020 жылы Bank RBK-тен 144 млрд теңгені жымқырды деп айыпталып, 11 жылға сотталды, кейін жазасы 9 жылға қысқартылды. Жомарт Ертаев Заречный кентіндегі №14 колонияда жазасын өтеп жатқанда, ҰҚК қызметкері Рабисұлтан Арысбаев одан тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін ақша талап етіп, 4,8 млн теңге алған сәтінде ұсталды. 2023 жылы сот Арысбаевты 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырып, арнайы атағынан айырды.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 03 Қыркүйек, 2025 11:48
Талқылау