Экологиялық апат: Кувейтте әлемдегі ең үлкен қоқыс полигоны өртеніп, ауаға улы химиялық зат таратуда
Кувейтте автокөлік дөңгелетері жиналған әлемдегі ең үлкен қоқыс полигоны өртеніп жатыр. Тіпті оның масштабы ғарыштан көрінуде. Ал оның түтіні ауаға улы химиялық заттар таратуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі TVR.BY басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлемге экологиялық апат қауіпі төнп тұр. Кувейттегі бұл полигонға 30 жыл ішінде 50 миллион автокөлік дөңгелегі әкелінгені белгілі болды. Өрт 25 мыңға жуық "шаршы" үйіндіні жойды.
Экологиялық апат бір аптадан бері жалғасып келеді. Атмосфераға сағат сайын тонналап улы канцерогенді химиялық заттар таралуда. Мұндай өрт соңғы рет 2012 жылы орын алған. Ол кезде үйінді өртін бір ай бойы сөндіре алмаған.
Еске салсақ, елімізде Абай облысында да үлкен орман өрті орын алып, орманшылар қаза тапты.
"Қолымнан айырылып қалу алдында тұрмын": МӘМС арқылы уақытылы көмек ала алмаған қазақстандық ота кезегінің ұзаққа созылғанына наразы
"Жарты жылдан астам уақыттан бері ізімнен қалар емес": Сталкингтің қауіпті белгілері және одан қалай қорғануға болады?
Психолог сталкерлердің бастапқыда байқалмайтын белгілерін атады