Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екінші топтағы мүгедек жан: Шенділер жеке кәсібіме қысым көрсетіп жатыр 

Талдықорғанда 1 жыл бойы шешеуніктермен жалғыз күресіп жүрген 2-топтағы мүгедек жан жағдайын айтып, көмек сұрады. Кәсіпкер азаматтың айтуынша, 67 миллион шығындап, маңдай терімен дөңгелеткен жеке кәсібін жергілікті билік өкілдері тартып алмақшы көрінеді.

Екінші топтағы мүгедек жан: Шенділер жеке кәсібіме қысым көрсетіп жатыр 

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Енді мен не істеуім керек?Мені атып өлтірсін немесе мен қазір өзім-ақ өліп қалам. Жүрегім соқпай тұр. Осыдан мені бассын да, өтсін, сосын сындыра берсін бәрін», – дейді ашынған Нұрлан Қалдыбаев.

Талдықорғанның элиталық ауданындағы бұл нысанның құрылысы тоқтағанмен, төңірегіндегі даудың тоқтайтын түрі жоқ. Кәсіпкерлікті енді қолға алған  2-топтағы мүгедек Нұрлан Қалдыбаевтың иелігіндегі жеке құрылысты қиратуға сот орындаушылар кеше тағы да келген.

«Мен тек атқарушымын. Соттан қандай шешім шықты, мен соны орындауға міндеттімін. Қағаз жүзінде ғана десеңіз, шағымданыңыз немесе сотқа жүгініңіз», – дейді сот орындаушысы Алуа Ақашева.

Жеке кәсіпкер мен сәулет-құрылыс бақылау басқармасындағылар даулап жатқан жерге көлік жуу нысаны салынуы тиіс болған.  Бұған рұқсат беріп, тиісті құжатты кәсіпкердің қолына тапсырған аталған басқарманың өзі екен. Алайда, жауаптылар өзгенің мүлкіне қол тигізетіндей құзіретіміз жоқ. Құрылыс талаптарына қатысты ескертуді елемеген соң, кәсіпкердің үстінен сотқа шағымданудан басқа амалымыз қалмады, дейді. Дегенмен, камераға мәселенің мән-жайын айтып, сұқбат беруден бас тартты.

Кәсіпкердің сөзінше,  облыстық сәулет- құрылыс бақылау басқармасындағылар бір жыл бойы бизнесін тоқтатудың сан түрлі амалын іздеп келеді. Алғашында әкімдік өкілдерін ортаға сап нысанды 60 миллион теңгеге сатып алу туралы өтініш білдірген көрінеді. Бұл ұсыныстан бас тартқан соң басқармадағылар қысым көрсете бастады, дейді.

«Біздің президенттің қолдауы бойынша, көп көмек болады деген. Міне, көмектері осы. Сәулет-құрылыс бақылау басқармасының істеп жатқаны осы. Бәрі солардың қолында, бұлар не істеп жатыр мен білмеймін», – дейді кәсіпкер Нұрланбек Қалдыбаев.

Бұл мәселеге бей-жай қарай алмады ма белгісіз, айтылған сөзден кейін ауыр техниканы тізгіндегендердің бірі жүктелген міндетті орындаудан бас тартты. Ал, о баста құрылысты қиратпай кетпейміз деген жауаптылар  істі кейінге шегергендерін айтып тарқасты. Дегенмен, аталған нысанға 67 миллион теңге шығындаған кәсіпкер адвокат жалдап, істің ақ-қарасын енді сотта анықтамақ.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау