Екінші рет үйленген Олжас Сыдықбек ұлды болды
Елімізге танымал пародист Олжас Сыдықбекұлы ұлды болды. Қуанышты хабармен өзінің инстаграмдағы парақшасында бөлісті.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Отандық әзіл-ысқақ театрлардың бірінде өнер көрсетіп жүрген танымал пародист Олжас Сыдықбекұлы ұлды болды. Қуанышты хабарды өзінің инстаграмдағы парақшасына “Сүйінші, ағайын! Ұлды болдым! Аллаға сансыз шүкірлік!” деп жазып, алғашқылардың бірі болып жеткізді. Бұл хабарды естіген достары ақ тілектерін жаудырып, отбасына береке-байлық тілеп жатыр. Ал сәбидің есімі әзірге белгісіз.
Осы уақытқа дейін Олжас Сыдықбекұлының Гауһар есімді бойжеткенмен көңіл қосса да, өзінен туылған баланы мойындамағаны туралы хабарланған болатын. Пародист жақында екінші рет отау көтергенді.
Талқылау

Қазақта күйеу жігіт қайын жұртына иіліп сәлем салған – Этнограф
Желіде күйеудің қайын жұртына сәлем салу дәстүрі талқыланып жатыр

"Телефонынан 152 хабарлама өшірілген": Атырауда белгісіз жағдайда көз жұмған оқушының анасы істің екінші рет жабылғанына наразы
Адвокат: "99-бап (қасақана кісі өлтіру) бойынша сотқа беруге қорқып отыр"