Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екіқабат дәрігер өзге емделушіні босандырып, 5 минуттан соң өзі де қызын өмірге алып келді

Аманда Хесс есімді дәрігер ауруханаға сәбиін босану үшін келеді. Алайда кәсіби қызметіне байланысты ол басқа емделушіні босандыруы керек болған.

Безымянный

Қаһарман дәрігер оқиғасын оның әріптесі Хала Сабри Фейсбукте жариялапты.

Аманда Хесс Франкфорт медициналық орталығында акушер-гинеколог болып жұмыс істейді. Аманда Хесс жүкті күйінде сәбиін босануға келіп, бірақ оған дейін өзге әйелді босандырып үлгерген.

Дәрігер үзіліске кетіп қалған кезде Леа Хэллидэй-Джонсон есімді әйелдің толғағы басталады. Өкінішке қарай, кіндік баланың мойынына оратылып қалып, қиындықтар туындайды. Бұл мәселені талқылап жатқан дәрігерлерді естіген Аманда Хесс бірден сол жаққа қарай жүгірген. Ал әріптестері болса Аманданы кезекшілікке келді деп ойлапты.

Леаны аман-есен босандырған Аманда палатаға оралып, бірнеше минуттан кейін өзі де қызын өмірге алып келеді. Қазір анасы мен қызы өздерін жақсы сезінуде.

“Мен босанам дегенше соңғы күнге дейін жұмыс істеуге дайын едім. Бірақ, соңғы минуттарға дейін жұмыс істеймін деп ойламадым”, – дейді ол.

Оқи отырыңыз:

Сарқыраманың қасында сүйіктісіне ұсыныс жасамақ болған жігіт сақинаны суға ағызып алды (видео)

Ер адам бұрынғы сүйіктісінің мәйітін тоңазытқышта сақтап келген

АҚШ-та әлемге танымал әншіден аумайтын бұзау туылды (фото)

Украиндік ұшқыш көз көрмес қараңғылықта 121 жолаушыны аман-есен жерге қондырды (фото)

Талқылау