Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екібастұздағы балабақшада бес жасар бала химиялық сұйықтықты ішіп қойды

Екібастұзда химиялық сұйықтықты ішіп қойға 5 жасар бала ацетон еріткішімен уланып, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Shutterstock.com

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бес жасар балаға 15 тамызда сағат 16:51-де Мәшһүр Жүсіп көшесі, 76/1 мекенжайындағы балабақшаға жедел жәрдем шақырылған. Дәрігерлер алдын ала химиялық улану (ацетон) диагнозын қойып, асқазанды тазалауға кірісті.  

Ал білім басқармасындағылар қызметтік тексеру барысында балабақша тәрбиешісінің көмекшісі химиялық сұйықтық құйылған бөтелкені жуынатын бөлмеде қалдырып кеткенін айтты. 

"Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Оның нәтижесі бойынша тиісті шаралар қабылданады", – деп хабарлады Екібастұз білім беру бөлімінің басшысы Лаура Жүсіпова.

Мәліметтерге сенсек, науқас Екібастұз қалалық ауруханасында орта дәрежедегі жағдаймен бөлімшеге ауыстырылды. Қазіргі таңда толық дәрігерлердің бақылауында жатыр.



Еске салайық, 16 шілдеде Қарағанды облысындағы демалыс орындарының бірінде 29 адам астан уланды. Қызуы көтеріліп, іші өткен 14 науқас бірден ауруханаға жатқызылды. Көпсалалы ауруханасының директоры Серікбол Түсіпбеков науқастардың жағдайын айтып берді. Өзін жайсыз сезінгендердің кейбірі дәрігерге қаралмай үйіне қайтып кетсе, өзгесі пансионатта жатыр. 

Талқылау