"Еңбек кітапшамды беріп, шығарып салды": Екібастұзда мұғалімді митингіге шыққаны үшін жұмыстан шығарып жіберген
Павлодар облысы Екібастұз қаласының №24 мектеп мұғалімі Олжас Жанабилов митингіге шыққаны үшін мектептен қуылғанын айтады. Алайда мектеп әкімшілігі бұл ісін еңбек шартының аяқталғанымен түсіндірген. Stan.kz тілшісі мұғаліммен тілдесіп, оқиғасын өз аузынан тыңдады.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Олжас Жанабилов бұл мектепке тура бір жыл бұрын 2021 жылдың 18 қаңтарында кірген. Бір жылға еңбек келісімшартын жасасқан.
4 қаңтарда қала орталығында болған митингіге шығып, видеокамераға түсіп қалған Олжасты 10 қаңтарда полиция бөлімшесіне алып кетеді. Нәтижесінде санкцияланбаған митингіге қатысты деп айыппұл салып, қайтарады. Полиция бөлімшесінде болған кезде мұғалімге қызметкерлер енді жұмысыңнан айырыласың деген екен.
“14 қаңтарда мектеп директорынан хабарлама келді. “Еңбек келісімшартының бітуіне байланысты” жұмыстан шығарылатынымды білдім. 17 қаңтарға дейін жұмыс істедім. Бұйрықты қол қою үшін берді, бірақ оқуға берген жоқ. Алайда мен оны фотоға түсіріп үлгердім.
Ресми түрде мені осы себептен шығарып тұр. 10 ақпанда полиция бөлімшесінде маған енді жұмыс істемейсің деп айтқан еді, сондықтан бұған митингіге шығуым себеп болды деп есептеймін. Мені бір жыл келісімшарт аяқталған соң жұмыстан шығарып жібереді деп ойлаған жоқпын. Бірақ еңбек кітапшамды беріп, шығарып салды”, – дейді Олжас Жанабилов.
Еңбек шартын бұзу туралы бұйрық
Мұғалімнің сөзіне қарағанда, ол бейбіт митингіге шыққан. Елдегі қымбатшылық мәселесін көтеру, жаңаөзендіктерді қолдау мақсатында алаңға барған.
Митингіге шыққанда айыппұл салады, деп мүлде ойламадым. “Естуші мемлекет” бар екеніне сендім дейді ол.
Ол митингіге 4 қаңтарда 15 минутқа шықтым деп отыр.
“Митингіге өз жеке мәселеммен емес, халық үшін шықтым. Мен бұл жиынды митинг деп те сезінбедім. Себебі оған тән емес еді. Әкімнің халықпен әңгімесі сияқты көрінді. Қала басшысы жеке проблемалары туралы айта бастағанда кетіп қалдым”, – деп есіне алды ол.
- "Тепкілеп, соққыға жыққан": Алматыда жоғалып кеткен қырғызстандық табылды
- Маңғыстауда мұғалімнің орны 750 мың теңгеге саудаланған
Қасымдағы ішімдік ішкен адамдарды “мас күйде жүрген” деген күдікпен алып кетіп жатты” дейді ол.
Оның сөзінше, митингіге шыққаннан кейінгі күндері оны полиция бөлімшесіне алып кеткен.
“Маған полициядан хабарласты. Екі жігіт құжаттарын көрсетті. Бөлімшесіне барамыз деді. Әрине, құқық қорғау органдары болған соң бардым. Мен ойымда арам пиғылдардың болмағанын, бейбіт митинг үшін шыққанымды айттым”, – дейді Олжас Жанабилов.
“Полиция бөлімшесінде бір тәулік болдым. Менің түсінгенім бойынша, митингіге шыққандарды “халыққа қауіпті” деп таныды. Осылайша, 91 800 теңге айыппұл төледім”, – дейді ол.
Айтуынша, жұмыстан босату туралы арызды өз еркімен жазғанша, мектеп әкімшілігіне осылай шығару ыңғайлы болды.
Алайда бір күн өткен соң Олжас Жанабиловқа мектептен хабарлама келіп, арыздың жойылғанын, мектепке қайта келуге болатыны туралы хабар келген. Ал Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы Олжас Жанабиловтың қайта жұмысқа шығатынын айтып отыр.
Еңбек шартын бұзу туралы мәлімдеме
“Иә, мектеп директорының бұйрығына сәйкес, жұмыстан босатылған. Бұл жерде тек еңбек қарым-қатынасы. алаңға шығудың ешбір қатысы жоқ. Бұл мәселеде де мұғалімнің азаматтық позициясы, ішкі ойы немесе бөлек пікірде болғаны, не болмағаны сияқты ешбір себеп жоқ.
Бірақ жас маманның сағын сындырмай, еңбек етіп, жалақы алып, отбасына ие болып, әрі қарай жоғары білікті мұғалім ретінде қалыптасуына, өсуіне жағдай жасайық, қарайласайық деген оймен әріпестер райынан қайтты. Олжас мұғалім ретінде қайта жұмысына кіріседі”, – деді ол.