Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екібастұзда InDrive жүргізушісі жолаушыға салонда темекі шеккені үшін интим ұсынған

такси

Фото: Freepik.com

Екібастұз тұрғыны Indrive.kz сервисі арқылы мінген таксиде харассментке ұшырағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Indrive.kz сервисі арқылы тапсырыс қабылдаған жүргізуші әйелге салонда темекі шегуге рұқсат беріп, қосымша ақы сұраған. Алайда кейін әйелге ақы орнына "интимдік қызмет көрсетуге тура келетінін" айтқан.

Жолаушы мұндай ұсынысқа дайын болмағанын айтады. Ол Indrive қолдау қызметіне хабарласқан. Алайда оның сұрауын нақты оператор емес, бот өңдеген.


Астанада көлікте өзін-өзі қанағаттандырған такси жүргізушісі 15 тәулікке қамалды


"Жыныс мүшеме қол жүгіртті": Америкалық турист Шымкентте такси жүргізушісі сексуалдық қысым жасағанын мәлімдеді


Компания жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Олай болғанына өкінеміз. Біз істі тексеріп жатырмыз, деректер сұратып, шара қолданамыз. Мұндай әрекетке жол берілмейді және мұндай заңбұзушылықтардан кейін жүргізуші бұғатталады. Бұл туралы хабарлағаныңыз үшін рахмет", – деді Indrive.kz.

Еске салсақ, бұған дейін астаналық 19 жастағы бойжеткен такси жүргізушісінің тарапынан сексуалдық қысым көрген еді. 

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 21 Тамыз, 2025 11:59
Талқылау