Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екібастұзда екі студентті аяусыз соққыға жығып кеткен: Жігіттер ес-түссіз күйде табылды

Екібастұзда соққыға жығылып, өте ауыр халде жатқан студенттер көшеде табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Колледждің екі студентін ата-анасы ауыр халде 30 қыркүйекке қараған түні тауып алды. Зардап шеккендердің бірі қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

"Бауырымды 29 қыркүйек күні кешкі сағат 18-19 шамасында 22-шағын ауданның жанында, 21-мектептің жанында ұрып-соққан. Біз оны және оның досын түн ортасы кезінде жартылай ес-түссіз күйде таптық. Кінәлілерді табуға көмектесуіңізді өтінемін", – деп жазды тұрғын.

Кәмелетке толмаған екі баланың денсаулығына қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

"Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта барлық мән-жай анықталып жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етуге жатпайды", – деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Талқылау