Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екібастұзда диспетчер әйелді телефон арқылы босандырды

диспетчер әйелді телефон арқылы босандырып алды

Фото: Ru.freepik.com

Екібастұзда диспетчер кенеттен толғағы басталған 27 жастағы әйелді телефон арқылы босандырып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жедел жәрдем қызметкерлері жолға шыққанда 103 қызметінің операторы телефон тұтқасын тастамай, желіде қалған. Ол толғақ кезінде не істеу керегін айтып отырды.

Жедел жәрдем мекенжайға 6 минутта жеткен. Алайда науқас толғақ басталғанда бірден хабарласпағандықтан жедел жәрдем қызметкерлері келгенде әйел босанып қойған. Ана мен бала периниталды орталыққа жеткізілді. Бала дені сау, 2,5 келі болып дүниеге келді. Қазір ана мен баланың да жағдайы қалыпты.

“Павлодардағы 103 қызметінде 2019 жылдан бері қолданысқа енгізілген “желіде қалу” функциясы өзінің тиімділігін дәлелдеді. Бұл әдіс талма, қан кету, тыныс жолында бөгде заттың тұрып қалуы, кеуде тұсындағы ауырсыну және үй жағдайындағы босану жағдайларында қолданылады. Биыл жыл басынан бері қызмет мамандары 8 мыңнан астам қоңырауды ұстап, көмектескен”, – деді Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы басшысының орынбасары Ольга Вербовая.

Бұған дейін Қарағанды облысында жүкті әйелдің аялдамада босанып қойғаны туралы жазған едік.

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 03 Шілде, 2025 08:28
Талқылау