Екібастұз ЖЭО-ға 1,1 млн теңге айыппұл салынды
"Екібастұзжылуэнерго" ЖШС-ға 1,1 млн теңгеге айыппұл салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Алдымен, Әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша жазаланды. Атап айтқанда, 300-бабымен — электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың бекітілген ережелерін; электр станциялары мен жылу желілерінің жылу механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасын; тұтынушылардың электр қондырғыларының техникалық эксплуатациясын; энергия тұтынудың белгіленген режимдерін бұзғаны үшін. 301-2-ші бабымен – технологиялық бұзушылықтар туралы ақпарат беру туралы талаптарды бұзғаны үшін.
Осыдан кейін ЖШС жоспардан тыс тексеру кезінде жауапкершілікке тартылды. Мәселен, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 300-бабы – "Жылу желілерін техникалық эксплуатациялаудың бекітілген ережелерін бұзғаны" үшін айыппұл арқалады.
Істер қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қаралды. Салынған айыппұлдар сомасы 1 110 750 теңгені құрады.
Еске сала кетейік, өткен жылы 27 қарашада Екібастұз жылу электр орталығында апат болып, қала тұрғындары жылусыз қалды.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді