Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екібастұзда 4 жасар бала 8-қабаттан құлап аман қалды

Екібастұзда 4 жасар бала 8-қабаттағы балкон терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Павлодар облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Баян Мағзұмова.

SOSlF886u1zsRNpahlbYRtUhwxRguyGQ

Сурет: piter.tv 

Оның айтуынша, оқыс оқиға 24 шілде күні болған. Анасы кешке жұмысқа кеткенде баласын жарты сағатқа үйіне қалдырып кеткен.

Бала Екібастұздағы қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.

«Баланың жағдайы ауыр. Ол бас-ми жарақатын алған. Бас сүйегі ауыр жарақаттанған. Дәрігерлер оны аман алып қалу үшін күресіп жатыр», – деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Мұхамадиева.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда бесінші қабаттан құлап кеткен жігіттің көршілері оқиға туралы айтып берді (видео)

Мәскеуде қолына бір жарым жасар сәбиін ұстаған әйел 8-ші қабаттан құлап кетті

Оралда екі жасар бала 5-қабаттан құлап, мерт болды

Талқылау