Мәскеуде қолына бір жарым жасар сәбиін ұстаған әйел 8-ші қабаттан құлап кетті
Мәскеуде 8-ші қабаттан анасы мен сәбиі құлаған. Салдарынан әйел жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Дәрігерлер баланы өлім аузынан аман алып қалуға тырысып жатыр.

Оқиға Мәскеудің солтүстік-батысындағы тұрғын үйде орын алды. Қолына бір жарым жастағы баласын ұстаған Татьяна А. 8-ші қабаттан құлаған.
Оқиға орнына жедел жәрдем жетіп, анасы мен сәбиін ауруханаға жеткізді.
Әйел жедел жәрдем көлігінде ажал құшты. Дәрігерлер баланы құтқару үшін қолынан келгенін жасауда. Нәрестені З.А. Башляева атындағы балаларға арналған қалалық клиникалық ауруханасына жеткізді.
Тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп жазды ресейлік БАҚ.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады