Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі жыл бұрын жарты баспен туған бала қалай өмір сүруде? (фото)

Кішкентай Джексон Эммет Буэлл сирек кездесетін анэнцефалия дертімен туған. Бұл мидың үлкен не кіші бөліксіз тууы, бас сүйек пен жұмсақ тіндерінің бір бөлігі болмау дерті.

d8296cce-caeb-49e0-8b5c-0b97c30bbfc9-CNN_Baby_without_full_skull3-fmY7oN__original__

 

Бұл диагноз сәби ана құрсағында жатқанда қойылған. Алайда ата-анасы Бриттани мен Брендон Буэлл аборт жасаудан түбегейлі бас  тартты. Дәрігерлер сәбидің кез келген уақытта көз жұмуы мүмкін екенін де ескертті.

cer2-lWqzNJ__original__

Мұндай дертпен өмірге келген сәбилердің көбі тумай жатып шетінеп кетеді. Кейбірі өмірге келген соң бір апта ішінде көз жұмады. Тек Стефани Кин есімді нәресте екі жыл, 174 күн өмір сүрді. Ал Джексон 2016 жылы тамыз айында 2 жасқа толды.

Baby-8xBm3Y__original__

«Көп адам Джексонның көп өмір сүрмейтінін айтты. Бірақ біз бүгінде оның екі жасқа толған туған күнін атап өтудеміз», – деп жазады Брэндон.

Bebe-sem-cerebro-5-760x1200-SqtBwW__original__ (1)

Әкесі бұл күнге балаға деген махаббат пен қамқорлықтың арқасында жеткенін айтты.

Сәби күн сайын эпилепсия дертінің зардабын тартуда. Салмағы мен бойы әдеттегіден жай өсіп жатыр, бірақ тоқтап қалған жоқ. Шашы да бұйра болып өскен.

Ата-анасы күн сайын құдайдан баласының амандығын тілейді. Олар ұлымен неғұрлым көп уақыт бірге болғанын қалайды.

Тағы да оқыңыз:

Басының жартысы жоқ америкалықты адам өлтірмек болғаны үшін тұтқынға алды

Үндістанда үш аяқты қыз дүниеге келді (фото)

Қытайда жас жігіттің денесін пойыз белден төмен басып өтті (видео)

Талқылау