"Екі жылдан бері алысып келемін": Жұлдыз Әбдікәрімова күрделі ем алып жүргенін көрсетті

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желідегі парақшасында оқырмандарына ұзаққа созылған дерттен айыға алмай жүргенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кино жұлдызы тістің жыры бітетін емес деп әзілдеді.
"Мен сол тістің жырымен жүрген жайым бар. Жұлдыз, сәл шыда, аз-ақ қалды деп жүрмін. Қай этапқа келгенімізді көрсетейін. Бірақ шошып кетпеңіздер", – деді ол.
-
"Арыңыз қалай жібереді?!": Жұлдыз Әбдікәрімова қысқа киемін деп сынға қалды
-
"Шақыратын жігіт те жоқ": Қайрат Нұртастың әйелі көшеде оқыс оқиғаға тап болды
Айтуынша, екі жылдан бері жақ сүйегімен алысып жүр екен.
"2023 жылдан бері жақпен алысып келеміз. Мен де қайтпаймын, жақ та шаршамайды. Фиништің ауылы алыс емес. 2026 жылы бітеді, дейді-мыс", – деп жазды актриса.
Айта кетейік, бұған дейін Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімоваға қатысты пікір білдіріп, “өз еркі өзінде” деген еді.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан