Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі жігіт бойжеткенді ауызашарға шақырып зорлап, видеоға түсірген

23 маусым күні Қырғызстанның ІІМ-не Ресейден Қырғызстан азаматшасының зорланғаны жөнінде ақпарат келіп түскен.

1498669358_19578176_1804442866536295_1531846147_n

Көрнекі сурет

Ресейдегі Қырғыстанның ІІМ өкілі Райым Салимовтың айтуынша, Мәскеуде тұрып жатқан 1989 жылғы қыз зорланған. Бойжеткен бастапқыда жігіттердің қорқытуынан кейін полицияға арызданудан бас тартқан. Кейін полицейлердің айтуы бойынша, арыз жазуға келісті, деп хабарлайды Қырғызстан ІІМ-нің баспасөз қызметі.

18 маусым күні Меліс есімді танысы қызды ауызашарға шақырады. Кездесу кезінде жігіт қызды екі досымен таныстырады. Саябақта досының бірі күштеп қызды зорлап, ұрып-соғады. Өзгелері оны видеоға түсіріп алады. Егер полицияға хабарлайтын болса, видеоны ғаламторға жариялаймыз деп қорқытқан.

1498670679_park-lefortovo-moskva-rossiya

Тергеу нәтижесінде күдіктілердің бірі ұсталды. 1984 жылғы Ж.К. есімді күдікті өз кінәсін мойындады. Ол Джалал-Абад облысы, Созақ ауданының тумасы. Қазір өзге күдіктілерді іздестіріп жатыр.

Тағы да оқыңыз:

Полиция капитаны жолда келіншекті босандырып, кіндігін кескен

Тәжікстанда 18 жастағы келін күйеуі пәктігіне күмәнданған соң өз-өзіне қол салды

Папуастар ислам дінін қабылдап, адам сенгісіз өзгерістерді бастан кешірді (фото)

Талқылау