"Екі туған күнді де тойламаймыз": Ерке Есмахан отбасындағы тосын жаңалықты бөлісті
Белгілі әнші Ерке Есмахан туған күні қарсаңында тосын мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://vk.com/erke_esmahannn
Өнер иесі өзінің және ұлының туған күнін тойламайтынын айтып, елді таңғалдырды. Есесіне жолдасы екеуі отбасылық қуаныштарын біріктіріп, жазда үлкен той жасауға ниетті екенін жеткізді.
“Қарашаның 23-і Исламның туған күні, ал 30-ы менің туған күнім болады. Екі туған күнді де тойламаймыз. Өзіміз үйде боламыз. Алла бұйырса, бәрін қосып, жазда үлкен той жасаймыз деп отырмыз. Туған күндер, қоныстой, тұсаукесер, сүндет той, бәрі бұйырса жазда болады. Жылдың ең үздік тойы болады", – деп жазды Ерке Есмахан.
Еске салайық, жұлдызды жұп үйлену тойларын да жазға қалдырғанын айтқан еді.
“Бұйырса жазда. Мен той қаламап едім. Күйеуім үлкен той жасаймын деп қоймай отыр. Мен келістім”, – деп жауап берген еді Ерке.
Бұған дейін, Ерке Есмахан концерт кезінде сөзінен шатасқанын мойындаған еді.