Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Екі сызық күттік": Жахан Отарғалиев әйелінің берген сыйлығына жылап қалды

Фото: Видеодан скриншот

Танымал актер, кинопродюсер Жахан Отарғалиевке әйелі тосынсый жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл сәтті әзілкеш өзі Instagram парақшасында жариялады. Бейнежазбада оның жары қобалжып тұрғанын көруге болады.

"Әрдайым сен мені қуантушы едің, енді сені қуантар кез – менікі", – дейді ол видеода. 


  • "Әлі күтіп жүрмін": Жахан Отарғалиевтің әйелі ренішін білдірді

  • "Үш рет кездесіп, үйленіп кеттім": Жахан Отарғалиев жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді


Күйеуіне ерекше сый ретінде кіші қажылық Ұмра сапарын тарту еткен. Бұл күтпеген сыйлық Жаханды қатты тебірентіп, жылатты. 

Желі қолданушылары бұл сыйлықты жоғары бағалап, түрлі пікір білдірді. Алайда кейбірі алғашында басқа жаңалық күттік деп жазған.

"Аяғы ауыр деп ойлап қалдым", "Екі "полоска" күткендер біргеміз", "Мұндай сыйдан артық не керек?!", "Алла бәрімізді осындай сүйінші жаңалықпен қуантсын", – деп жазды көпшілік. 

Еске салайық, Жахан Отарғалиев әйеліне құны 4 миллион теңге тұратын мәһр сыйлады. 

Гүлдана Нұрлыханова
Жұма, 30 Мамыр, 2025 09:36
Талқылау