"Екі пәтер, тұрғын үй, 10 автокөлік алған": Шымкентте зергерлік компаниямыз деп қаржы пирамидасын ұйымдастырғандар ұсталды
Шымкентте өздерін зергерлік бұйымдар сатумен айналысатын компания ретінде таныстырып, қаржы пирамидасын құрғандар ұсталды. Олар адамдарды алдап, ақшасына өздеріне екі пәтер, тұрғын үй және 10 автокөлік сатып алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҚМА
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, күдіктілер салымшыларға салған сомаларынан 20-40% көлемінде ай сайынғы табысқа уәде берген.
“Алайда, шын мәнінде төлемдер сатудан түскен пайдадан емес, жаңа қатысушылардың салымдарынан жүзеге асырылған. Нәтижесінде қаржы пирамидаға 4 мыңнан астам салымшы тартылған. Қылмыстық табысқа күдіктілер екі пәтер, тұрғын үй және 10 автокөлік сатып алған.
Тінту барысында 374 миллион теңге қолма-қол ақша және құны 300 миллион теңгеден астам 12 келі алтын бұйымдар тәркіленген. Күдіктілер екі айға қамауға алынды”, – делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Талқылау

"Киіктерді өз өмірінің құнымен қорғаған батыр": Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің қаруланған броконьерлерді қуамын деп қалай қаза тапты
Қайғылы оқиға 6 жыл бұрын “Охотзоопром” кәсіпорнында болған еді

"Кейбірі сәбиінен, кейбірі анасынан айырылып жатады": Қазақстандықтар перзентхана алдында дүбірлі той жасайтындарды сынады
Акушер: "Көп адамның жиналуы жаңа туған сәби мен анаға түрлі инфекция, вирус таратады"