"Екі немеренің әжесі болдым": Айгүл Иманбаева көпшіліктен сүйінші сұрады
Фото: https://www.instagram.com/aigul_imanbayeva/
Белгілі әнші, актриса Айгүл Иманбаева немересі дүниеге келгенін айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесінің ұлы, жас режиссер Асылжан Әбдімүтәлі ұлды болды.
“Сүйінші, достар! Екі немеренің әжесі болдым. Айсұлу мен Айсұлтан. Жаратқанға сансыз мадақ! Айсұлтан Асылжанұлы", – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары жаппай ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.
“Екі дүркін әже, немереңіздің бауы берік болсын!", "Менің жаным Айекем екі дүркін әже болып жатыр, балапанның жасы ұзақ, бақытты болсын!", "Үлкен азамат болып өссін", "Қазақтың қызы, Американың келіні екі дүркін әже болып жатыр. Құтты болсын, Айгүл ханым", деп жазды көпшілік.
Еске салайық, Сәбит Әбдіхалықовтың үшінші әйелі Айгүл Иманбаеваның немересіне бриллиант сыйлаған еді.
“Бұл қыз – ерекше. Бізде бір ата-әже болса, Айсұлуда – төртеу. Құшағымызды жайып, жақсы көріп тұрамыз. Саналы, салиқалы ұрпақтардан болсын! Қолымыздағы барымызды береміз. Бүгінгі мерекесіне өз атымнан алтын сырға мен бриллиант сыйлаймын", – дейді Динара Абдуллина.

"Арнайы тізім жасалуда": Президент тапсырмасынан соң Қазақстанда кімдердің жәрдемақысы қысқартылады
