Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

19 жастағы әйел екі баласын ыстықта көлікке қамап өлтірді

Техаста 19 жастағы Аманда Хокинс екі қызын күннің астында тұрған көлікте қалдырып кеткен. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол қыздарын 15 сағатқа қалдырған. Қыздар 2 және 1 жаста болған. Олар көлік ішінде отырып қатты айқайлаған екен. Бірақ, ауруханаға жетпей ажал құшқан. Енді Хокинс ханым үй алуға жұрттан ақша жинап жүр.

414C3AD400000578-4590570-image-a-27_1497067241053

Бұл туралы The Daily Mail басылымы жазды.

Екі қызын қасақана өлтірген жас ана GoFundMe қоры арқылы өзіне үй сатып алуға ақша жинап жүр. Ол жуырда Бринна және Аддисон есімді қыздарын көліктің ішінде қалдырып, олардың өліміне тікелей себепші болған-ды.

«Мен үй сатып алу үшін жұрттан ақша жинап жүрмін. Қазір ата-апамыздың үйінде тұрып жатырмыз. Күйеуім екеуіміз де жұмыс істейміз. Бірақ, тапқанымыз аяғымыздан нық тұрып алуға жетпей жатыр. Кез келген көмектеріңізді қабыл алуға дайынбыз. Біз үй сатып алуымыз керек», – дейді Аманда Хокинс.

41517B2900000578-4592396-Amanda_Hawkins_19_from_Kerr_County_Texas_pictured_in_a_mug_shot_-m-22_1497140215382

Хокинс 1 500 АҚШ доллары көлемінде ақша жинамақ. Жұрт олардың бұл әрекеттерінен бұрын, қыздарының өліміне көп қайғырмағандарына таңқалып жүр. «Соңғы 37 жылда мұндай қатыгездікті бірінші рет көріп отырмын. Тіпті, өгей аналардың өздері бұлай жасамайтын еді», – дейді полиция қызметкері Керр Хирхолзер.

Көлікте қалып қойған екі бүлдіршінге Wal-Mart қызметкерлері де көмектеспеген екен. Олар қыздардың айқайлаған дауыстарын естісе де, көлікке жақындап бармаған. Хокинс ханым қыздарды екі түрлі ер-азаматтан босанған. Бриннаның әкесі – Айзек, ал Аддисонның әкесі – Остин Дж. Овергард.

414C715900000578-4592396-_This_is_by_far_the_most_horrific_case_of_child_endangerment_tha-m-38_1497141549989

Жас ана қыздарын көліктен бір күннен кейін ғана шығарған. Ол кезде ауа температурасы 92 градусқа көтерілген екен. Бастапқыда, тіпті, жазадан құтылу үшін ауруханаға барудан бас тартқан. Дәрігерлерге де шындықты айтпаған екен. Осы қайғылы оқиғадан кейін жас анаға екі бап бойынша кінә тағылған. Енді ол екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Жіберіп алмаңыз:

Полиция 2 ай сексуалдық құлдықта болған бойжеткенді құтқарып қалды

Павлодарда екі жігіт көше ортасында бір топ жігітпен төбелесті (видео)

Аралда мектеп директоры мұғалімдерге үйін салғызып жатыр (видео)

Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың әйелдеріне тіл тигізген жігіт өлім жазасына кесілді

Талқылау