Екі қызды құтқарам деп пойыз астына түскен ер адамның туыстары марқұм туралы айтып берді
Нематолла Махмудов тұрған ауылыдың тұрғындары оның ерлігі туралы айтып жүр. 30 жастағы ер адам пойыз жүйіткіп келе жатқан жолдан екі қызды көріп, құтқаруға асыққан. Алайда өзі пойыз астына түсіп мерт болды, деп хабарлайды Otyrar.kz.
Махмудовтар әулеті ОҚО Сайрам ауданы Ақсукент ауылында тұрады. Марқұм Нематолла Махмудовтың отбасына көңіл айту үшін, жан-жақтан адамдар келіп, қайғысына ортақтасуда.
TVK арнасының хабарлауынша, дәрігерлер Нематолла Махмудовтың өмірі үшін екі күн күресті. Алайда құтқарушы жігіт есін жимастан мерт болды. 1987 жылғы жігіттің бауыры, басы жарақаттанған.
Мерт болған жігіт Сайрам ауданында қайырымдылығымен танымал болған. Әрдайым елге көмек қолын беріп жүретін қайырымды жігітті жұрт Немат-МЧС деп атап кеткен. (Құтқарушы деген мағынада). Осы жолы да пойыз астына түсіп кете жаздаған екі бойжеткенді құтқармақ болған.
Немат пойыз жолдан өтіп бара жатқан екі қызды байқайды. Пойыз жақындап қалғандықтан ол қыздарға тұра ұмтылады. Бірін итеріп, екіншісіне ұмтылғанда, өзі пойыз астына түседі.
Аман қалған қыздың айуынша, олар сол уақытта құлаққап тағып алғандықтан пойызды байқамай қалған. Студент қыздың еш жері жарақаттанбаған.
Артында жұбайы мен кішкентай үш баласы қалған марқұмның үйінде өлі тыныштық орнаған.
«Немат – менің төрт баламның екіншісі. Ол өте адал әрі жарқын жүзді адам. Біз оны періште деп білетінбіз», – дейді марқұмның әкесі Ағзам Мухмудов.
Ал марқұмның жұбайының сөзінше, Немат қайтыс болар күні оған 17 рет қоңырау шалған.
«Адамдардың барлығын жақсы көретін. Әрдайым жанымызда болды. Сол күні ол маған 17 рет қоңырау шалыпты. Мен асханада жұмыста болғандықтан, естімей қалдым», – дейді марқұмның жұбайы.
Нематтың туыстарының сөзінше, болған оқиғадан кейін жерлеуге оның өліміне себеп болған қыздардың жақындары келмепті. Алайда марқұмның әкесі қайғылы оқиғаның жай-жапсары туралы ештеңе білгісі келмейді: мұның барлығы ұлын қайтара алмайды.
Десе де оқиға орнынада болған қыздың туыстары табылды. Алайда оның анасы қызымен сөйлестірмей қойды. Қыз 17 жаста екен. Анасының айтуынша, ол оқиға орнында болған, бірақ болған оқиғаға еш қатысы жоқ екен.
«Ол тек сол жерден өтіп бара жатқан. Құрбысына жүгіріп барыпты. Мұнан кейін оны құрбысымен бірге жедел жәрдем алып кеткен. Құлағында құлаққап болған жоқ», – дейді қыздың анасы.
Нематтың туыстарының айтуынша, Сайрамдық АІІБ қызметкерлері мен полициейлер болған оқиғадан кейін ауруханға да, жерлеу рәсіміне де келмеген.
Ал Нематтың артында жас бейіті, жарқын естелік пен үш баласы қалды. Ал адам өлімінен сабақ алмаған адамдар қайғылы оқиға орын алған жерден қамсыз өтіп жатыр.
Оқи отырыңыз:
Әлия Назарбаева: Қызымнан кешірім сұрап, екеуіміз де жылап алдық (видео)
Өскеменде мас әйел әскери жасаққа пышақпен шабуыл жасады
Қазақстандықтар GetContact қосымшасының салдарынан қандай қиындықтарға тап болар еді?