Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Екі күннің бірінде жылап жүрмін": Мереке Қалбаева күйеуімен ажырасу алдында жүргенін жасырмады

Танымал әзілкеш, блогер Мереке Қалбаева жеке өміріне қатысты қиын күндерді басынан өткеріп жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/merekusha.k/

Желі жұлдызы өмірінде сәтсіздіктер болып жатқанын айтып, көз жасына ерік берді. 

“Сау басыма сақина тілеп алдым. Биыл екі күннің бірінде жылаумен болдым. Арсен “Сенің қолыңнан бизнес жасау келмейді” деді. Бірақ мен алған бетімнен қайтпадым. Бірақ сәтсіздіктен көз ашпадым. Тауар сата алмай, қарызға кіре бердім. Жеті миллион теңгенің көлігін ұтысқа салып, өзім дымсыз қалдым. Мен бизнеске араласқалы үйімнің берекесі кетті. Жүрегімнің тыныштығы жоғалды. Күйеуімізбен арамыз суып кетті. Бәрін күйеуіме дәлелдеу үшін жасап едім, бекер болды”, – деп бастады әңгімесін блогер.



Бүгінде әзіл әлемінің жұлдызы өзіне ұнайтын саласына бет бұруды жөн көрген.

“Қолдаған жүректерге рақмет айтамын. Мен қолымнан келгенше әрекет еттім. Демек хайырлысы осы шығар?! Тоқтамай жалғастыра берейін десем Арсенмен ажырасып тынайын деп тұрмын. Сондықтан кейде артқа қадам жасау да көмектеседі. Өзім білмедім, білгеннің тілін алмадым. Әйелдер эмоцияға көп берілеміз, кез-келген істі ақылдасып шешуге тырысайық! Арсенді көп ренжіттім. Енді кешірім сұрау керек болып жүр. Оған да уақыт келер. Ал бізден жаңа сериалдар мен әндер күтіңіздер!”, – деп жазды әзілкеш.  

Еске салайық, Мереке Қалбаева өзінен 6 жас кіші күйеуімен танысқан сәтін есіне алған еді. 

Талқылау