Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі қолынан айырылған жігіт көлік айдап, компьютермен қызмет атқарып жүр (фото)

7 жыл бұрын қырғызстандық Самат Асылбекұлы тоқ соғып, екі қолынан айырылған. Бұл оқыс оқиға жас жігіттің сағын сындырған жоқ. Сол кезде Саматтың жалғыз арманы – жасанды қол салдырту еді. Ол жасанды қол салдыртса, көлік айдайтынын да айтқан.

Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

451-img_7874

Қазір мақсатына берік азамат көлік айдап, жоғары оқуы орнында оқып, Бішкек қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығында қызмет атқарып жүр.

20170117115425

«Алғашында мүмкіндігі шектелген болса, біз қандай жұмыс істетеміз деген қорқыныш пайда болды. Кеңес кезеңінен бері бізде «Мүмкіндігі шектеулі жандар толыққанды өмір сүре алмайды. Олар тек мүгедектер зейнетақысын алып, төрт қабырғада қадалып отырады» деген пікір қалыптасқан. Біздің жұмысымыз тікелей компьютермен байланысқандықтан Саматтан «компьютермен жұмыс істей аласың ба?» деп сұрадық. Ол істей алатынын айтып, тінтуір мен пернетақтаны жерге қойып беруін сұрады. Сөйтіп аяғымен жұмыс істеді», – дейді Бішкек қалалық тіркеу бөлімінің қызметкері Айнұр Темірова.

н

Жігіттің анасы ұлы қоғамнан аластап, шектеліп қала деп қорыққанын айтады.

1480914437_20abaev2

«Ұлым мүгедек болып қалды ғой деп қорықтым. Бірақ қазір университетте 3-курста оқып жатыр. Көлік алды. Көлігін өзі айдайды. Қайратты бола білді. Соған қуанам», – дейді анасы Курманбу Сұлтанәлиева.

12541105_1682848595333061_4055825204964399910_n

«Өзімді ерекшемін деп есептемеймін. Ел қатарлымын деп санаймын. Өкінгеннен пайда жоқ. Одан гөрі алға ұмтылу керек», – дейді Самат.

243715892_1280x720

Енді Самат армандарын біртіндеп іске асырып жатыр. Басына түскен қиындықа мойымаған жігерлі жігіттің тағы бір үлкен арманы бар. Ол – аяқ-қолсыз туса да, жетістіктерге жете білген қоғам тұлғасы, америкалық Ник Вуйчичпен кездесу.

«Мүмкін мен де біреулерді рухтаныратын шығармын. Ал, маған Ник Вуйчич қанат бітірді. Онымен кездескім келеді. Көп уақыттан бері ол туралы іздеп, оқып жүрмін», – дейді Самат.

Өкінішпен өмір кешіп, мағынасыз ғұмыр кешу – Самат Асылбекұлына жат қылық. Уақытты босқа өткізгенше алға ұмтылғанды жөн көретін Самат өз елінде-ақ көп адамға үлгі болып жүр.

Жіберіп алмаңыз:

7 жасар қырғыз баласы бүкіл отбасынан айырылып қалғанын әлі білмейді

Апаттан көз жұмған бағдарламашы жігіттің қабіріне iPhone-құлпытас қойылды

Жалаңаштар бассейні: Алматыдағы “Арасан” моншасы мұсылмандарға арналмаған ба?

Көкшетаулық әйел өз пәтерін белгісіз рухтың мекендеп алғанын баяндап берді

Талқылау