Екі қазақстандық бокстан Азия чемпионатының ширек финалына өтті (видео)
Оразбек Асылқұлов пен Бейбарыс Жексен бокстан Азия чемпионатының ширек финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық боксшылар Чианг Майда (Тайланд) өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатын сәтті бастады.
Оразбек Асылқұлов (57 келі) екінші айналымда малайзиялық Зулхайлан Мохамадты жеңді. Ол қарсыласын нокаутқа түсірді. 5 желтоқсанда Оразбек жартылай финалға шығу үшін ринг иесі Тайландтық Чуджан-Атом Пануватпен кездеседі.
Бейбарыс Жексен (60 келі) өзбекстандық Дилшод Абдумурудовты 4:1 есебімен ұтты. 5 желтоқсанда Бейбарыс тәжікстандық Акмал Убайдовпен кездеседі.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
