Екі ер адам аптап ыстықтан көз жұмды
Испанияда қатты ыстықтан екі адам көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Андалусияда 47 жастағы фермер далада жұмыс істеген кезде басына күн тиіп, көз жұмды. Кастилия-Ла-Манча аймағында 46 жастағы ер адам да ыстықтан мерт болған. Экстремадур автономды қоғамдастығының билігі қатты ыстықтан екі адамның ауруханаға жатқызылғанын хабарлады.
Осы аптада Испанияның мемлекеттік метеорологиялық агенттігі Пиреней корольдігінің көптеген провинцияларында температура 40 градустан жоғары болады деп ескерту жариялады.
2021 жылы тамыз айының ортасында Монторо елді мекенінде термометр бағанасы 47,2 градусқа жеткен екен.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"