"Екі дипломым бар": Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы делінген келіншек мамандығы туралы айтты

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі ретінде танылған Айман өзіне қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айман әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, қандай маман иесі екенін және бүгінде қандай жұмыс істейтінін бөлісті.
“Менің қандай мамандық иесі екенім, қайда оқығаным жайлы, не жұмыс істейтінім жайлы сұрап жатқан жандарға. Режиссер, педагог хореограф деген 2 дипломым бар. Оған қоса театрда балет актрисасы болып жұмыс істегенім де бар. Қазір үлкен жобалар мен концерттер ұйымдастырамын”, – деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы делінген келіншек өзіне тіл тигізгендерді сотқа бергені хабарланған еді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"