Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирустың екі бірдей штаммын қатар жұқтыру қауіпті ме?

Кейде емделушінің организмінде екі немесе одан да көп коронавирус инфекциясының штаммдары болуы мүмкін.  
Бір уақытта коронавирустың екі бірдей штаммын жұқтырып алу қаупі туралы Ресей Ғылым академиясының академигі, Роспотребнадзор эпидемиология ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі Вадим Покровский интервью барысында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik радиосына сілтеме жасап.

Маман Ресейде және басқа елдерде анықталған коронавирустық инфекцияның басым көпшілігі бір штамммен жүретінін айтты. Бірақ кейде адамның организмінде екі немесе одан да көп коронавирус инфекциясының қоздырушы штаммдары болуы мүмкін.

Мұндай жағдайлар кездесіп тұрады, бірақ адам жұқтырған штаммдардың саны аурудың ауырлығына әсер етпейтінін айтты Вадим Покровский.
"Инфекцияның екі штаммын жұқтыру өлімге алып келеді деп салды суға кетіруге әсте болмайды. Бұл туралы әсіре алаңдаудың қажеті жоқ, өйткені штаммдардың айырмашылығы бір-бірін күшейтетіндей соншалықты үлкен емес", – деп түсіндірді ғалым.

COVID-19 екі штаммын жұқтырған жағдайда өлім-жітімнің жоғарылауын растайтын статистика жоқ, деп атап өтті Ресей ғылым академиясының академигі.

"Теориялық жағдайда адам денесінде екі, үш тіпті төрт штамм болуы мүмкін. Мұндай жағдайға көп қауіпсіздік қағидаларын ұмыт қалдырғанда жетуге болады мысалы, кейбір спорттық іс-шараларға барып, ұзақ уақыт бойы көрермендер арасында маскасыз жүру деген секілді. Мұндай кезде бірнеше штаммды жұқтырып алу қаупі бар. Бірақ бұл аурудың ағымын күшейтетіні туралы ешқандай дәлел жоқ", -деді Роспотребнадзор эпидемиология ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі. 

Ол коронавирустық инфекцияның жағымсыз салдары үшін бір ғана штамм жеткілікті екенін жеткізді. Сонымен қатар қауіпті вирусқа қарсы вакцинациядан жақсы қорғаныс әлі ойлап табылмағанын айта кетті. 

Талқылау