Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі баланың анасын қағып өлтірген жүргізуші оқиға орнында тоқтамай күлген

44 жастағы Грегорий Белкин мас күйінде көлік жүргізіп, екі баланың анасын қағып өлтірген болатын. 25 жылға сотталып жатқан ер адам сот алдында жылап, марқұмның туыстарынан кешірім сұрады. “Мен қатты өкінемін” дейді ол.

2009 жылы Белкиннің бойынан посттравмалық ауру түрі табылғандықтан, оның қорғаушысы Лорен Дикштейн міндетті түрде сот үкімді қайта қарау үшін апеляция беретінін айтқан болатын. Мазерати көлігімен сағатына 134 миль жүріп өткен жүргізуші бастапқыда 50 жылға дейін сотталуы мүмкін болған.

53 жастағы марқұм Ронда Уильямстың артында екі баласы қалды. Ол қаржыгер болып жұмыс істеген екен. “Ол кезде есімді мүлдем білмеймін. Мен қатты өкінемін”, – деп жылады Белкин.

Окленд сотының судьясы Лэнгфорд-Моррис Белкинді 25 жылға бас бостандығынан айырған болатын. “Мен осы уақытқа дейін мас жүргізушілерді көрсем де, олардың кісі өлтіргенін естімеппін. “Ол кезде не істегенімді өзім де білмеймін” дейсіз. Шыны керек, сіздің не ойлайтыныңызды мен де түсіне алар емеспін”, – дейді ол.

Белкиннің қанынан рұқсат етілген мөлшерден 0.315%-ға жоғары алкоголь табылған екен. Мұнымен қатар, Белкин оқиға орнында белгісіз себептермен көлікті айналып, күле берген. Қорғаушы мұны шок деп түсіндірді. Ал көлік апатының болуына Белкиннің қалтасынан телефон алмақ болуы себеп болған.

Қорғаушы Лорен Дикштейн Белкинді кемінде 15 жылға бас бостандығынан айыруды талап етті. Мерзім бұдан көп болған жағдайда, міндетті түрде аппеляцияға беретінін жеткізді.

 

 

Талқылау