Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Екі әжесі бесікке салды": Ерке Есмахан үшінші ұлын қырқынан шығарды

Фото: Видеодан скриншот

Танымал әнші Ерке Есмахан ұлын қырқынан шығару рәсімін жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әнші маусым айында үшінші ұлын дүниеге әкелген еді.

"Батыр баламызды екі әжесі қырқынан шығарып, бесікке салды. Әулеттің үлкендерінің берген батасы қабыл болсын. Батырым атына заты сай, иманжүзді жігіт болып өссін. Өзім қандай аппақпын, жүрегім де дәл сондай. Сондықтан ақ тілегімді қабыл алыңыздар. Сәби күткен отбасыларға Алла егіз нәсіп етсін. Шаңырақтарыңызда тек бақыт, шаттық, қуаныш болсын. Бар болыңыздар, бай болыңыздар", – деп жазды әнші.



Айта кетейік, өнер иесі перзентханадан фотоларын көрсетіп, өзі ғана ханшайым болып жүргенін айтқан еді. 

"Бір үйдің жалғыз ханшайымы, ледиі болу маңдайыма жазылыпты. Мені қолдайтын, қорғайтын, еркелететін жанұям аман болсын! Толассыз хаттармен ақ ниетін білдірген қазақ еліне алғысым шексіз! Осындай бақыт сіздерге де жұғысты болсын! Суретте Райымбек Батырым! Аллаға сансыз шүкір", – деді әнші.

Гүлдана Нұрлыханова
Сәрсенбі, 23 Шілде, 2025 12:33
Талқылау