Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі әйелдің арасында таңдау жасай алмаған жігіт жұрттан ақыл сұрады

Қазақ жігітінің әйелі бірнеше жыл бұрын төркініне кетіп қалған екен. Артынша жігіт басқа қызға үйленетінін айтып, некесін қидыртқан. Алайда әйелі оның бұл шешімімен келіспей отыр. Жігіт қызымен жақындасып үлгермегендіктен, өзімен қайта қосылуын сұраған-ды.

f98514b4a3abef41b39b478101c2dcf7a6ae9005-041216055218

Бұл туралы «Әйел құпиясы» парақшасында жазылды.

«Бірнеше жыл бұрын әйелім мені тастап, балам екеуі төркініне кетіп қалды. «Ажырасайық! Сенен қатты шаршадым. Менімен бірге тұрғың келсе, анамның үйінде тұрайық» деп біраз өзінше болған. «Кетсең, қайтып келме» деп мен қалдым. Енді басқа қызға үйленейін деп құда түсіп, некемді қидырттым. Әлгі қызды үйге әкеліп, қолынан ұстап көрмедім. Жуырда әйелім хабарласты. «Қазір менің орным бос тұр ма?» деп қайтып келгісі келетінін сездірді. Үйленгелі жатқанымды айтып едім, біртүрлі болып қалды.

Соңғы күндері Whats App желісінде жиі жазатын болды. Нөмірін бұғаттап едім, басқа нөмірден жаза бастады. «Қайтып келсем қалай болады екен? Балам әкесін сұрап жылай береді» дейді. Мұның қаншалықты рас екенін білмеймін. Мен некемді қидыртып қойғанымды айттым. Ол әлгі қызбен жақындаспаған болсам, бәрінен бас тартуымды сұрады. Бір жағынан балама, екінші жағынан ана қызға обал. Не істесем болады? Қызым екінші әйелім болуыма келіспейді. Сол себепті, екеуін бірге ала алмаймын. Өздеріңізді осы екі әйелдің орнына қойып көріңіздерші. Маған қандай ақыл-кеңес бересіздер?» – дейді жігіт.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Күйеуі сотталған келін өзіне демеу болған ата-енесіне ризашылығын білдірді

Жас келіншек күйеуінің жалқаулығынан мезі болғанын айтып жылады

21 жастағы ару ақшасын алып, жүкті қылып тастап кеткен жігітін іздеп жүр

Келіншек екі жыл төсектес болған қайын інісін қатты сағынып жүргенін айтты

Талқылау