"Екі аялдамадан кейін оятып жіберіңдер": Жолаушы автобуста төсек салып жатып алды
Фото: Видеодан скриншот
Бейтаныс жолаушы қалалық автобустардың біріне төсек-көрпе алып кіріп, жатып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Пранктің видеосы желіде жарияланды.
"Мені екі аялдамадан кейін оятып жіберіңдер. Шуламаңдар", – деген ол жолаушыларға күлкі мен жағымды эмоция сыйлады.
-
"Балалар қайталап жүрмесін": "Қалаулым" қатысушысы өзін-өзі өртеп жібере жаздады
-
Қазақстанда "пранк" жасағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Видео әлеуметтік желіде тез тарап, мыңдаған адам көрді. Қолданушылар әзілді қабылдап, автордың креативіне түсіністік танытты.
“Осыны жасау үшін де “дух” керек”, "Осы баланың пранктері өтімді", "Жарайсың, халықтың көңіл-күйін көтеріп жүр", "Бағыңа қарай автобус бос екен, әйтпесе бір теуіп тұрғызады ғой", "Бір күні күлкіден өлтіретін шығарсыңдар", "Қасына екіншісі қосылып жатқаны қалай болды", "Жұрт күліп жатыр, ешкім ашуланбады", – деп жазды олар.
Еске салайық, өлікті лифтке кіргізіп, пранк жасаған қазақстандық блогер желідегі видеосы үшін қамауға алынған еді.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
