Екі автомобильдің біреуін ұтып алуға болады: Ол үшін "Евразия" СК-да касконы рәсімдеу жеткілікті
"Евразия" сақтандыру компаниясы өзінің 30 жылдық меретойын сыйлықтар ұтыс ойынымен атап өтуде. Ең басты сыйлық – екі Toyota Corolla автокөлігі. Ұтысқа қатысу үшін жарамдылық мерзімі бір жылдан кем емес кез келген каско полисін рәсімдеу жеткілікті.
Ұтысқа 2025 жылғы 1 мамырдан бастап 2026 жылғы 30 сәуірге дейін, екі күнді қоса алғанда, жеке тұлғалар сатып алған барлық каско полистері қатысады.
"Биыл отандық сақтандыру нарығының көшбасшысы болып табылатын "Евразия" өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтеді. Бұл іс-шараны біз каско бағдарламасы бойынша, соның ішінде автонесие рәсімдеу кезінде автокөлікті сақтандырған клиенттеріміздің арасында сыйлықтар ұтыс ойынымен атап өтуді шештік", – деп атап өтті "Евразия" СК басқарма төрағасы Қайрат Чегебаев.
Жүлде қоры:
● Автомобиль Toyota Corolla 2025 жылғы – 2 дана;
● iPhone 16 Pro – 12 дана;
● Samsung S25 – 12 дана;
● 300 мың теңгеге каско сертификаты – 12 дана;
● 30 литр бензинге сертификат – 120 дана.
Сыйлықтар ұтыс ойыны төрт кезеңде, әр үш айда бір рет өткізіледі. Автокөлік ұтыс ойындары 2025 жылдың қарашасында және 2026 жылдың мамырында өтеді.
● I кезең – 2025 ж. тамыз: смартфондар мен сертификаттар;
● II кезең – 2025 ж. қараша: смартфондар, сертификаттар, автомобиль;
● III кезең – 2026 ж. ақпан: смартфондар мен сертификаттар;
● IV кезең –2026 ж. мамыр: смартфондар, сертификаттар, автомобиль.
"Жыл сайын 100 мыңға жуық клиент "Евразияда" каско полистерін сатып алады. Олардың әрқайсысында автомобиль немесе басқа да бағалы жүлдені ұтып алу мүмкіндігі бар. Бүгін біз автокөлік жүргізушілерінің абсолютті көпшілігіне қолжетімді каско бағдарламаларын әзірледік. Өз мүлкіңізді қазірден қорғаңыз, мүмкін сәттілік серігіңіз болар", – деп қорытты "Евразия" СК басшысы.
Қосымша шарттар:
Ұтыс ойынына қатысу үшін қолданыстағы каско шарты болуы қажет, мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда қатысушы ұтыс ойынынан шығарылады. Қатысушы ЖКО кезінде кінәлі болмауға тиіс.
Каско полисін онлайн eurasia36.kz сайтында рәсімдеуге болады.
Ұтыс ойынына қатысу шарттарымен толығырақ theeurasia.kz сайтында немесе 5678 (қоңырау шалу тегін) қысқа нөмірі бойынша танысуға болады.
Лицензия 26.12.2022 ҚР ҚНРДА берілген № 2.1.20

"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті
