Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі-ақ рет көрдім: Абай Бегей күйеу баласын жақсы танымайтын болып шықты

Сіз қандай қайын атасыз? Бұл сұрақ жуырда да ғана қызын ұзатқан Абай Бегейге соңғы уақытта жиі жолданатын болған. Алайда, Ерке қызын ұясынан ұшырған әнші, тұңғышының таңдаған жарымен жақынырақ танысып, күйеу баласына тіл қатып көрмеген болып шықты. Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген жұлдызды қайын ата, көпшілік көкейіндегі дәл осы сауалға былай деп жауап берді.

«Мен күйеу баламды екі рет қана көрдім. Бірақ, отырып, ашық сөйлескен емеспіз. Ассалаумағалейкум мен уағалейкумассаламнан басқа ештеңе болған жоқ. Бізде Маңғыстауда «есік көрсету» деген бар. Сол кезде де сөйлескен жоқпын. Алдағы уақытта күйеу балаға «былай қарсы ал, былай амандас» деген ешқандай талап қоймаймын. Әлі де толықтай танып, біліп үлгерген жоқпын», – дейді Абай Бегей.

Осы орайда Stan.kz тілшісі арнайы сауалнама жүргізіп, қайын ата атанған өзге жұлдыздарды да сөзге тартқан болатын. Мәселен, бұл тізімде Алтынбек Рахметов те бар. Осы жылы үлкен қызын құтты орнына қондырған продюсердің күйеу баласына қояр қатаң талаптары қандай?! Өзінен сұрап көрдік.

«Сол баяғы Алтынбек Рахметовпін. Қайын ата атанғалы өзгергінім шамалы. Төрт балам бар еді. Үш қыз, бір ұлым. Енді үш қыз, екі ұлым бар болды. Құдаларым өзіммен құрдас. Күйеу баламды өзімнің баламдай көріп кеттім. Сондықтан, күйеу балама қатаң талаптар қойып, «Ей, мынаны әкел, әйт-бүйт», деп айтпаймын. Басқа сезім, басқаша өмір сүріп кеттім деп де айта алмаймын», – дейді продюсер Алтынбек Рахметов.

Сонымен қатар, осыдан бір жарым жыл бұрын Нұрлан Еспанов та үлкен қызын қияға қондырған болатын. Алайда, әнші қайын ата шымкенттік күйеу баласына шектен шығардай талаптар қоймайды екен.

«Мен негізі жуас атамын ғой. Болмайтын тірлікке кіріспеймін. Бастысы сен ешкімге кедергі болмасаң болды ғой. Осы күнге дейін күйеу балма еш нәрсе айтқан емеспін. Мені былай күтіп ал, мен келгенде тұрып амандас, мені былай құрметте, маған былай күліп қара деп айтқан емеспін.

Өзім сондай қатты құрметті де, қатты жалпақтағанды да ұната бермеймін. Сондықтан, ондай талап болмайды, әңгіме де болған емес. Менің үш қызым бар. Болашақта үш күйеу балама да ондай талаптар қоймаймын», – дейді Нұрлан Еспанов.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Жеңіс Ысқақова: Келінімді үйде қалдырып, өзім бөлек шығып кеттім

Жорабаева: Сұлтанқызы намысыма тиген кезде қасымдағылардың көзінше еңіреп жыладым

Қызылордада денесі суып, есінен танғанына біраз болған баланы мешіт имамы құранмен тірілтті

Құдай жалғыз: Баян Мақсатқызы мешітте де, шіркеуде де өзін жайлы сезінетінін айтты

Талқылау