Жорабаева: Сұлтанқызы намысыма тиген кезде қасымдағылардың көзінше еңіреп жыладым

Алтынай Жорабаева Ләйлә Сұлтанқызы өзін масқаралаған кезде ата-анасы мен бауырларының көзінше еңіреп тұрып жылағанын, Мәселенің неден қалай туындағанын Stan.kz  тілшісіне баяндап берді.

Авторлық бағдарламасына Алтынайды шақырып, соңында басы дауға іліккен Ләйлә Сұлтанқызының қылығы жуырда Қазнетті шулатқан еді. Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген Жорабаева болған оқиғаға қатысты бар шындықты баяндап берді. Алғашқыда қос тараптың арадағы келісімі былайша өрбіген екен…

«Ләйләмен сөйлескен кезде сені тікелей эфирге шақырамын деді. «Қойшы, қазір барлығы жеке өміріме қатысты болып кетеді деп едім, жо-жоқ ондай сұрақтар болмайды», – деді. Әке-шешеңді шақырып, қыздарымды шақырып сондай бір әсерлі сұхбат болсын деді. Жарайды, мақұл деп келістім. Тек отбасылық сұрақтар болмасыншы дедім. Содан кейін әке-шешем, бауырым, құрбымды ұшақпен алып келдік», – дейді Алтынай.

Алайда, Алтынайдың жан-дүниесі тыныштала қоймаған. Ол әлеуметтік желіден Ақбота Сейітмағамбет қатысқан бағдарламаны көріп, Ләйләға қайта қоңырау шалады.

«Ләйләға хабарластымда Ақбота деген жас әнші қыздың кішкене бір үзіндісін көріп қалдым. Сендер жолдасына қоңырау шалыпсыңдар. Сондай «сюрприз» болмайды ма дедім. «Жо-жоқ ондай да болмайды» деді. Тым болмаса сценарийді беріңдерші маған дедім. « Қазір саған қыздар хабарласады» деді. Содан кейін киім таңдап, бағдарламаның студиясына сай киінейін деп парақшасына кірсем, үстіме су құйып жібергендей болды. Өйткені, сол кезде ғана мен жайлы жазған мәтінді оқыдым да еңіреп тұрып жыладым», – дейді Жорабаева.

Сол сәтте жанында ата-анасы, ет-жақындары болған. Алтынай мән-жайдың барлығын түсіндіріп, желідегі жазбадан кейін бағдарламаға қатысудан бас тартады. Тіпті, өзінің инста парақшасы арқылы бармайтыны жайлы арнайы пост жариялаған-ды.

Жан-айқайымды жазып, жылап жатып қалдым. Түнгі сағат 1-де директорым үйге келіп тұр. Алтынай ханым, мына постты өшірсінші, алып тастасыншы деп бір кісілер шығып өтініп жатыр деді. Бір сыйлы ағамыз екен. Сол кісіні сыйлаған соң, өшірдім», – дейді ашуға булыққан әнші.

Арадағы орын алған түсініспеушіліктен кейін Ләйлә мен Алтынай бетпе-бет жүздеспепті. Тіпті, атышулы оқиғадан бері Сұлтанқызы Жорабаеваға хабарласпаған.

«Жоқ, кешірім сұраған жоқ! Білмеймін енді оны өзі біледі ғой. Әркімнің өзінің ішінде болып жатқан жағдайлар ғой. Ол кешірім сұрасын, сұрамасын деген менде ондай ниет жоқ. Әркім қалай түсінеді, оны өзі біледі енді. Ләйләға деген ешқандай жаман пікірім болмаса теріс пиғылым болған емес. Алла сақтасын. Тек қана «Тікелей эфир» бағдарламасының солай маған жасағаны жаныма қатты батты, шыны керек», – деп Алтынай Жорабаева сөзін қорытындылады. 

Оқи отырыңыз:

Баян Мақсатқызы алқаш әйелдің рөлін сомдауға қиналғанын айтты

Тұрсын Алагөзов бар мүлкін тартып алған экс-жұбайына қатысты шындықты айтты

Мейрамбек Бесбаев Мәскеу төрінде күмбірлете күй шертіп, әлемге әйгілі музыканттарды мойындатты (видео)

Әдейі істеген: Әріптестері Дәурен мен Ақботаның әрекетін сынға алды

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
13.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар