Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Мақсатқызы алқаш әйелдің рөлін сомдауға қиналғанын айтты

Баян Мақсатқызының актерлік шеберлігіне, бұған дейін ешкімнің де күмәні жоқтын. Бірақ, режиссер Ернар Нұрғалиев образды аша алмадың деп сөккен. Яки, продюсер араққа сылқия тойып алған бикешті ойнай алмай әлекке түсіпті.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Өрт сөндірушілер, ақ халаттылар, тәртіп сақшылары мен әскери қызметкерлер! Продюсер Баян Мақсатқызы бастамасымен таспаланып жатқан мюзиклге, дәл осындай кейіпкерлер қажет болған.

«Сиситай» – отандық киноқоржын үшін, тың жанрда түсіріліп жатқан тұңғыш фильм. Баян Мақсатқызы, бұл жолы қара суықта, іш көйлекшемен билеуге мәжбүр.

“Табиғатынан жібектей сусылдап тұрған шаштарымды, адам көргісіз етіп тастады. Айнаға келіп, түрімді көргенде «өнер – құрбандықты талап» етеді деп өзімді жұбатамын”, – дейді Баян Мақсатқызы.

Продюсер «араққұмар әйелдің» образын көрсете алмай, тығырыққа тіреліпті.  Тіпті, картина режиссері – Ернар Нұрғалиевтен сөгіс естіген.

“Араққа сылқия тойып жүреді Алисам! Бірақ, шынайы өмірде менің ағзам ішімдікті мүлде қабылдамайтын болғандықтан, мас әйелді сомдау қиын соқты. Режиссер менің бұл ойынымды мүлдем жаратпай тастайтын. Дегенмен, ақырында алқаш әйелді ойнап шықтым”, – дейді Баян Мақсатқызы.

Қызығы сол, қиындықпен сомдалған кейіпкеріне, Мақсатқызының іші жылып қалған. Тіпті, болашақ сәбиінің есімін Алиса атамаққа бекініп отыр.

“Егер, мен тағы бір қызды өмірге әкелсем, есімін міндетті түрде Алиса деп қоямын. Себебі, бұл есім – маған бұрыннан ұнайды. Сондықтан да, кейіпкерімді өзім осылай атадым”, – дейді экс-Есентаева.

Фильмде Баяннан бөлек Камшат Жолдыбаев, Тұрсын Алагөзов, «Алаулық» жігіттер және бірқатар шоу бизнес өкілдері бой көрсетпек. Бұған қоса, продюсер тағы бір жас таланттың жұлдызын жағамын деп сендірді.

Жіберіп алмаңыз:

Тұрсын Алагөзов бар мүлкін тартып алған экс-жұбайына қатысты шындықты айтты

Димаш Құдайберген Голливуд жұлдыздарының алдында өнер көрсетті (видео)

Қазақы әндерімен танылған Қуандық Рахымның жаңаша стильдегі клипі желіні шулатты (видео)

Баян Мақсатқызы Арман мен Ашаның тойында ұятқа қалды (фото)

Талқылау