Мейрамбек Бесбаев Мәскеу төрінде күмбірлете күй шертіп, әлемге әйгілі музыканттарды мойындатты (видео)

Сейсенбі, 14 Қараша , 2017 12:12

Екі шектің бірін қатты, бірін сәл-сәл кем бұра. Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра! Иә, ұлттық аспабымызды ұлықтауда өзіндік ұшан-теңіз үлесін қосқан Байғали Серкебаев, «А-студионың» 30 жылдық мерейтойына Музарттық музыканттарды арнайы шақырған. Мейрамбек Бесбаев қара домбыраны күмбірлетіп, мәскеулік тыңдарманның құлақ құрышын қандырып қайтқан. Бұл жайында Stan.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берген Сәкен Майғазиев аталмыш кештен алған әсерімен бөлісті.

«Шынында да қасиетті домбырамыздың күмбірлеген дауысын Ресейдің төрінде, Мәскеудің өрінде ойнатып қайттық Құдайға шүкір. Мейрамбектің шеберлігі бір төбе, шынында екі шекті домбырамен қандай дүниелерді ойнауға болатынын, мүмкіндігін көрсетіп қайтты. Жақсы қабылдады, жақсы қарсы алды. Байғали Ермекұлы ағамыздың өзі де қазақтың ең керемет аспабы екенін астын сызып тұрып айтты. Көрінгеннің қаңсығын таңсық қылмай, осындай дүниелерімізді паш ете білсек, ол біздің ұтқанымыз деп ойлаймын», – дейді Сәкен Майғазиев.

Сондай-ақ, ресейлік тыңдармандармен қатар әлемдік жұлдыздармен шығармашылық байланыста болған кәсіби музыканттар Мейрамбектің шеберлігіне тәнті болып, қазақтың қара домбырасына жоғары баға беріпті.

«Әлемдік аренада жүрген Пинк ФлойдЛеди Гага, Тин Тернер сынды әлем жұлдыздарымен бірге жұмыс жасаған Грег Уолш деген азамат «А-студионың» концертін дыбыстады. Сол азаматтың өзі таңқалып жатыр. Қазақ халқының музыка әлемінде болашағы жарқын халық деп есептеймін. Сол себепті ол кісі де біздің аспапқа жағасын ұстап, таңдайын қағып жатыр», – дейді Майғазиев.

A’студио #30 жыл! 😊🇰🇿🎼🌎🏇🇷🇺☀️

Публикация от Saken Maigaziyev (@saken_maigaziyev)

Ал, Мейрамбек Бесбаевтың «А-студио» тобының мерейтойына қатысу идеясы осыдан бірнеше ай бұрын бас қаламызда туындапты.

«Осыдан 2 ай бұрын Астанада бір концертте Байғали ағамызбен ұшырасып қалдық. Содан концерттің соңында бір жерде дастархандас болайық деп қонаққа шақырдық. Сол кезде үлкен басын кішірейтіп келді. Ол кезде «А-студио» тобымен емес, өзі ғана келген. Жақсы отырыс болды. Таңға дейін «А-студионың» әндерін жатқа айтып бердік. Қаншалықты құрметтейтінімізді көрсеттік. Сол кезде Мәскеуде өтетін «А-студионың» 30 жылдық концертіне шақырған болатын. Біз қуанып кеттік. Аяқ астынан шешім қабылдап баратын болып шештік», – дейді «Музарттың» әншісі.

Сондай-ақ, концертке келген көрермендер қатарында отырған Сәкен Майғазиевке де әйгілі «А-студионың» концертінде өнер көрсету бақыты бұйырған. Алайда, ресми түрде сахнаға шығу туралы Байғалидың ұсынысынан музарттық әнші бас тартыпты.

«Бірінші күнгі концертте «The Jigits» тобы бүкіл «А-студионың» әндерінен поппури орындаған кезде, мен сахнаға жақын отырғанмын. Жігіттерден микрофон сұрап алып, қосыла шырқадым. Бірінші кештен кейін Байғали мырза екінші концертке қатысуға ұсыныс тастады. Сосын мен айттым қалжыңдап «Жо-жоқ, шикі дүниені шығара салуға болмайды. Кемінде 2-3 күн дайындалу керек еді. Үлкен рахмет көңіліңізге. Алла нәсіп етсе, алдағы уақытта да шығармашылық байланыста боламыз деп жылы жауып қойдым», – дейді Сәкен Майғазиев.

😊🇰🇿🎼🌎🏇🇷🇺☀️

Публикация от Saken Maigaziyev (@saken_maigaziyev)

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Әдейі істеген: Әріптестері Дәурен мен Ақботаның әрекетін сынға алды

Баян Мақсатқызы Арман мен Ашаның тойында ұятқа қалды (фото)

Әлішер Кәрімов “пиар үшін қалыңдығын көрсетті” деп сынағандарға жауап берді

Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыздың намысына тиген әйелді орнына қойды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар