Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлішер Кәрімов “пиар үшін қалыңдығын көрсетті” деп сынағандарға жауап берді

Үйленуді жоспарлап жүрген Әлішер Кәрімов алғаш рет қалыңдығы Диерамен бірге сұхбат берді. Ғашықтар тойды қашанға жоспарлағандарын айтып, ел арасында өрбіп кеткен дақпырт әңгімелердің нүктесін қойды.

Фото: “Айта берсін” бағдарламасынан скриншот

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

Есте болса, жақында ғана Әлішер сүйіктісі Диераны “Жүрегім” атты бейнебаянына түсірген болатын. Уақытынан бұрын ақ көйлек киюді қалыңдығына Әлішердің өзі ұсынған екен.

“Клипке түсуге өзім ұсыныс білдірдім. Көрейікші күйеужігіт пен қалыңдық болып жақсы көрінеміз ба, жоқ па деп… Енді Диера екеумізге ұнады, көптеген тыңдармандарыма да ұнады. Құттықтап, әлеуметтік желіде жазды”, – деп атап өтті Әлішер.

Ал мамандығы актриса болып табылатын Диера Әлішердің клипіне түсу туралы мүлдем ойланбағанын айтады. Себебі:

“Мен негізі клипке түсумен айналыспаймын. Себебі бар күшімді шығармашылыққа, киноиндустрияға бағыттауға тырысып жүрмін. Әлішер “Ташкентке барып клип түсіреміз, өзіңмен бірге қалыңдық көйлегін ала кел” дегенде (Әлішер гастрөлдетіп менен бұрын барған еді), қатты таңғалдым. Ақ көйлекті алғаш рет кидім. Қанша жерден клип болса да, әр қыз үшін бірінші рет ақ көйлек кию ерекше сәт деп ойлаймын. Бірақ маған ұнады”, – дейді Диера Романова.

Әлішер 2 жылдан бері Диераны сырттай бақылап келгенін айтады. Екі жас келер жылдың көктемінде шаңырақ көтеруді жоспарлап отыр. Алайда Әлішер мен Диераның махаббатына күдікпен қарайтын жандар көп. Кейбіреулер бұл іс танымалдылығы төмендеп бара жатқан әншіге жасалған пиар деп қабылдады. Бірақ бақыттан басы айналып жүрген әншінің бұған да жауабы дайын.

“Менің жасым 32-де, ал Диера 38-де. Сондықтан балалы болатын уақыт жетті. Жалпы өзім біраз уақыттан бері балалы болуды армандап жүрмін. Соңғы кездері, тіпті бейтаныс балаларға тартып тұратынын байқаймын. Таразға барғанда жиендерімді көрсем, бәрін ұмытамын. Телефонымды сөндіріп, бар уақытымды тек соларға арнаймын. Өз балаларыма қарағым келеді”, – деп түсіндірді Әлішер.

Өз кезегінде Диера бірінші орынға отбасын қоятынын, алайда шығармашылықты тастамайтынын айтты. Оған Әлішердің өзі де қарсы емес көрінеді.

“Әйелдің күні бойы үйде отырғаны маған да ұнамайды. Ондай жағдайда әйелі күйеуін жей бастайды. “Қайдасың? Кіммен? Не істеп? Тезірек үйге қайт”. Менің ойымша, әйел де ер адам сияқты бір іспен айналысуы керек. Өзіне ұнайтын іспен. Себебі бұл да балалардың тәрбиесіне әсер етеді. Себебі ашулы ана күні бойы үйде отырса, әкенің орны екінші орынға ысырылады. Көбінесе біздің отбасыларда солай болады. Баланы ана да, әке де бірдей тәрбиелеуі қажет”, – деп атап өтті Кәрімов.

Жіберіп алмаңыз:

Өзін өзі жер-көкке сыйғызбай мақтаған Ерке Есмахан жұрттың сынына ұшырады

Абай Бегей: Қызымды шығарып салған сәтте анасының жоқтығы қатты сезілді

Қайрат Нұртастың жары әншімен бірге гастрөлдік сапарға аттанбақ (видео)

Димаш Құдайберген елбасының немересімен және Головкинмен түскен суретін көрсетті

Талқылау