Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай Бегей: Қызымды шығарып салған сәтте анасының жоқтығы қатты сезілді

Жуырда ғана қызын ұзатқан Абай Бегей той кезінде қатты толқығанын атап өтті. Әнші қызын шығарып салар кезде ерекше күйге бөленгенін, жарының жоқтығын сезінгенін айтты. Сондай-ақ, Абай бұл күндері өз жұртын тапқан қызына хабарласуға ұялып жүргенін жасырмады.

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

“Аллаға шүкір, тойға шақырылған қонақтардың барлығы дерлік келді. 600 адамның шамасында болды. 350 адамға тапсырыс бергенбіз. Бірақ мейрамхана әкімшілігіне адам саны көп болуы мүмкін екенін ескерттік. “Көп болып жатса үстел қоса аласыздар ма?” дегенімізде келісті. Той басталарда 500 адамды көріп, сыймай қала ма деген қорқыныш болды. Бірақ Аллаға шүкір, бәрі сыйды. Өте керемет болды той, өз көңілімнен шықты. 3-4 ай дайындалдық”, – деп еске алды әнші.

Абай Бегей анасы өмірден кеткеннен кейін қолқанаты болған тұңғышына телефон соғуға ұялып жүр екен. Оның себебін әнші былай деп түсіндірді:

“Қыз беру оңай емес қой. Үйде жүргенде барлық мәселеде ақыл сұрап, көмек сұрайтын қызым кетіп қалды. Міне бірер аптадан асып кетті, телефон соғуға ұяламын. Себебі үйінде атасы бар, қайта-қайта соға берген ұят қой. Арасында бір хабарласып қоямын, бірақ көп звондамаймын”.

Әнші, әсіресе, Жазира Байырбекова сыңсу айтқан сәтте марқұм жарын еске алып, көзіне жас алғанын жасырмады.

“Жазира сыңсу айтып, қызымды алып шыққанда қатты қобалжыдым. Анасы болғанда басқаша болар ма еді деп қатты толқыдым, сол сәтте сезіндім. Бірақ Алланың қалауы сол болды. Жылағаным да рас. Ол енді қуаныштың көз жасы”, – деп түсіндірді Абай Бегей.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртастың әкесі тұңғыш немересін көрсетті

Еліміздегі ең сұлу актриса не себепті киноны тастап кеткенін түсіндірді

Марқұм жарына деген сағынышын әнмен жеткізген Мақпал Жүнісова елді жылатты (видео)

Баян Есентаеваның қайын атасы бұрынғы келінінен көрген қорлықтарын жайып салды

Талқылау